Жұма, 22 Қараша 2024
Ел іші... 6439 23 пікір 6 Наурыз, 2020 сағат 12:42

Қордай оқиғасы: Себеп пен салдар

Ең алдымен «қақтығыс» кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтқым келеді. Бүгінгідей бейбітшілік заманда адамдардың осындай жағдайда дүниеден өтуі, әрине, өкінішті...

Қоғамда осы жайға қатысты неше түрлі ойлар, кей жағдайда бір-біріне кереғар пікірлер айтылуда. Арасында қазақ ұлтын айыптап, бар кінәні соларға аудара салғысы келетіндер де кездеседі. Қазақтың тілі мен ділінен бойларын аулақ салғысы келетін қандастарымыз өз ұстанымдарын тағы бір аңғартып тастады осы жолы. Жарайды, кім не демейді. Ауыз өздерінікі болғаннан кейін сөйлейді де. Біз тек – осы оқиғаға құқықтық тұрғыдан талдау жасап, ақ-қарасын анықтауға талпыныс жасағымыз келген. 

Сонымен, Қордайдағы оқиғаға байланысты сот отырысы басталып, заңгер ретінде маған жеңу мүмкіндігі көбірек тарапты таңдауға ұсыныс жасалса – мен қазақтар тарапын қорғауды қалар едім. Бұл өзімнің қазақ болғаным үшін емес, өздерін «әлем азаматы» сезінетін кейбір қандастарымыздың қаралауына ұшыраған намысшыл жігіттердің іс-әрекетін құқықтық тұрғыдан ақтап алуға жасаған әрекетім.

Бұл мәселенің мәнін ұғыну үшін құқық деген ұғымның тек заңдар топтамасынан тұрмайтынын түсіну қажет. Елімізде адамның өмірі, оның денсаулығы мен құқығы ең алдымен Ата Заңымызда бекітілген. Ал, Президент соның кепілі болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы – халық пен мемлекеттің, әрбір азамат пен үкіметтің арасындағы қарым-қатынастың алғышарты. Осы шарқа сәйкес, ел аумағында тұратын халық бірігіп ұйым құрады, сол ұйымды басқаратын, билік жүргізетін тұлғаларды таңдайды. Халық ұйымға салық төлеу, сыртқы жаулардан қорғану үшін әскери борышын өтеу,  тәртіп пен реттілікті қалыптастыру үшін ортақ заңдарға бағыну сияқты жалпыға ортақ талаптарды орындауға міндетті. Ал, билік болса сол халық берген өкілеттікті пайдаланып мемлекеттің, тұрғындардың, әр азаматтың қауіпсіздігін, құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді. Мысалы, тарихтағы ең көне конституциялардың бірі – 1215 жылы қабылданған Magna Carta ағылшындық ұлы бостандық хартиясы халықтың атынан ақсүйектер мен патшаның арасында жасалынған шарт болған. Адамзат атаулының бәрі басынан өткерген феодализм дәуірінде шаруалар феодалдарға салық төлеп, жұмыс жасаған, ал жоғарыдағылар тиісінше халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған. Оны айтып отырған себебім, қай кезең, қандай заманда да азаматтардың жеке және жалпы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – кез-келген мемлекеттік биліктің бірінші міндеті. Ал, ол міндет халық пен жұртшылық атынан билікті уақытша иеленетін тараптың арасындағы шарттан туындайды. 

Қордайдағы қақтығыс ең алдымен адамның өмір сүруге деген фундаменталды құқығына қол сұғудан басталып отыр. Мәселен, белгілі бір адамдар қария мен оның балаларын жазықсыз соққыға жығып, өмірлеріне қауіп төндіретін жарақат салған.  Осыдан кейін жәбірленуші тарап мемлекеттен бұзылған құқықтарын қорғауды сұрауы заңдылық. Ал, енді мемлекет атынан заңдылықты орнауға барған полиция қызметкерлері жергілікті қауымның қарсылығына тап болып, өз функцияларын жүзеге асыра алмады. Қажет десеңіз, белгілі бір тобырдың алдында өзінің қауқарсыздығын танытты. Құқық қорғау органының қызметкерін таяққа жығу осының сорақы көрінісі емей немене. Осының бәріне куә болып отырған халық мемлекеттік биліктің мардымсыздығына наразылық танытып, оның фундаменталды функциясын жүзеге асыруды өз мойындарына алды. Бұл, кейбіреулер айтып жүргендей, құқықтық нигилизм емес, керісінше құқықтық қоғамды қорғау болып табылады. 

Құқықтық мемлекет құрудың басты мақсаты – жазалау емес, жасалынуы мүмкін қылмыстың алдын алу екені әркімге аян. Қоғамда, белгілі бір қауымдастық ішінде, топтар мен тобырларда болуы мүмкін шиеленісті алдын-ала көріп-біліп, нәтижелі шралар қабылдап отырудың маңыздылығы осыдан келіп туындайды. Конституцияға сәйкес, жекелеген жағдайда мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адам құқығын шектеуге жол беріледі. Мемлекеттік билікті мойындамайтын, яғни осы елде тұратын адамдарға ортақ шартқа қарсы шыққан, демек конституциялық тәртіпке күш қолдана отырып қарсылық көрсеткен топты залалсыздандыру бізде заңмен рұқсат етілген.  Міне, билік осы функциясын атқара алмаған кезде жауапкершілікті халық өз мойнына алып отыр. Бұл жерде Ата Заңымызда бекітілген мемлекетіміздің унитарлық құрылымына қол сұғушылық белгісі байқалады. Демек, мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен еліміздің тұтастығына залал келтірілгені сөзсіз.

Мұндай мысалдарды әлемдік тарихтан көптеп келтіруге болады. Францияның азаттығы үшін күресті бастап, кейіннен Президент болған генерал Шарль Де Голь елдің ортақ билігі фашистердің жеңісін мойындап, тізе бүккенде басқыншыларға қарсы халықты көтеріп, майдан ашқаны белгілі. Халық оны бүлікші емес, патриот ретінде қабылдады емес пе. Осы арада ұқсастық барын байқайсыздар ма?! Яғни, ресми билік әділеттікті орнатып, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауда қауқарсыздық танытқаннан кейін бұл функцияны халық өз қолына алып отыр.

Бұл оқиғанан тағы бір маңызды мәселенің беті ашылып отыр. Атап айтқанда, бізде халық пен сол халықтың атынан елге басшылық жасайтын билік өзара келісім бойынша құқықтың негізде қарым-қатынас жасауға міндеттелген.  Қордайдағы жағдай, осы екі ортада мемлекетті құраушы ұлтпен ассимиляцияланудан бас тартып, бір аймаққа шоғырланып алып, елдің заңдары мен мемлекеттік тілді місе тұтпай, Отанды қорғау міндетінен жалтарып, оқшауланған этнос өкілдерін көріп отырмыз. Бұған келіп қытай ұлтымен тілдік, генетикалық жақындығына орай берілетін преференциялардың салдарынан әділ бәсекелестік қағидасы сақталмай, әлеуметтік теңсіздік қалыптасқаны да жағдайды ушықтыра түскен. Ұлт факторына тәуелді әлеуметтік теңсіздік, титулды ұлттың мәдениетін ескермеу, олармен ассимиляцияға түсуге ұмтылмау қашанда наразылық тудыратынын ұмытпауымыз керек. Тағы да тарихқа жүгінер болсақ, белгілі бір тарихи кезеңде еврей ұлты өкілдерінің ұстанған жүріс-тұрыс моделі, олардың жергілікті халықтан ауқатты тұратыны, тіпті мемлекеттік билікке нұсқау беріп, қажет болғанда билікті өздерінің тағайындап отыруы оларға қарсы жаппай наразылықтың туындауына әкелген болатын. Нәтижесінде билікке қол жеткізген фашистер оларды жаппай қырғынға ұшыратқаны белгілі.  Және мұндай еврей ұлтына қарсы геноцид Германияда ғана емес, Еуропаның көптеген елдерінде етек алғанын жақсы білеміз.  

Бұл айтылғандар Қордай оқиғасының себебі мен салдары десек, енді мұндай қақтығыстарды болдырмау үшін не істеу керек деген заңды сұрақ туындайды. Әр кезеңде, еліміздің әр тұсында осы тектес қақтығыстардың орын алуы билікті ойландыруы керек. Бір аймақта топтасып тірлік жасап, өз заңдарымен өмір сүргісі келетін этнос өкілдері әлі де бар екені баршамызға белгілі. Олардың арасында өз ұлтының артықшылығын насихаттап, жеріміздің бір пұшпағын меншіктеп алғысы келетіндердің бар екені де жасырын емес. Мұндайда қазақ: «Үй ішінен үй тікпес болар!» – деп айтып кеткен. Ең алдымен жекелеген ұлт өкілдерінің шоғырланып тұруына, үй ішінен үй тігуіне тосқауыл қою қажет. Әкімшілік аймақтарды ұлттық құрамына орай атау да жақсылыққа әкелмейді. Оны қалай жүзеге асыру қажеттігі басқа әңгіме. Сонымен қатар этнос өкілдерінің титулды ұлтпен ассимиляцияланып, мемлекеттің заңдары мен талаптарын бұлжытпай орындауына ықпал жасаған жөн. Бұл жерде мемлекеттік тілді меңгеру бірінші орынға қойылатыны жасырын емес. Олар  жалпыға ортақ талаптар бойынша орта білім алып, әскери борышын ел азаматы ретінде орындауға міндетті. Тағы бір айта кететін жай, оқиға барысында негізінен дүнген ұлтының өкілдері шоғырланып тұратын ауылдарда қазақтарға әлімжеттік жасалып келгені белгілі болды. Бұл бір-екі жылдың көлемінде емес, ұзақ уақыт бойы жүзеге асырылған. Сонда заңдылық пен тәртіптің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті билік пен құқық қорғау саласының қызметкерлері қайда қарап отырған деген заңды сұрақ туындайды. Осыны ойлағанда дүнгендердің: «Біз бәрін де сатып аламыз» – деп айылын жимай басынуында негіз бар ма деген ойға қаласыз.

Біз тәуелсіздігін жария еткеніне 30 жылға толар-толмас балғын мемлекет екеніміз рас. Жүздеген жылдық тарихы бар дамыған мемлекеттер де ұлт мәселесін толықтай шешіп тастамағаны белгілі. Дегенмен, осы өліара тұста біз қандай мемлекет құрғымыз келетінін анықтап алғанның айыбы жоқ.  Америка сияқты жан-жақтан жиналған адамдардың басын біріктіріп, «біз американдықпыз» деп айта алмасымыз аян. «Қазақстан тек қазақтар үшін!» – деген ұран да бізге келмейді. Алайда, ата-бабаларымыздың қанымен, жанымен келген қасиетті жерімізді кім көрінгеннің қанжығасына байлап жіберуге де қақымыз жоқ.  Бұл жерде түрлі тарихи жағдайда елімізге келіп, қазақ жерін өз отаным деп түсінетін ұлт өкілдерін титулды ұлттың төңірегіне топтастырып, осы мемлекет үшін олардың да жауапты екенін, қазақ халқын құрметтеуге, ортақ заңдарға мойынсұнуға көндіру қажет. Бұл Қордай оқиғасы ашқан мәселенің бетінде жатқан қарапайым ғана қағидалар.  Сондықтан әзірге осымен тоқтағанымыз жөн шығар!

Сырым Әбіл,

Заңгер

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297