Байден: Трамп - Путиннің күшігі
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей лидері Владимир Путинге «америкалық сарбаздардың бастарына берілетін сый-сияпат» туралы айтудан бас тартты. Бұл туралы АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байден мәлімдеді.
The New York Times газетінің хабарлауынша, Ресей Ауғанстандағы Талибанға халықаралық коалицияның әскери қызметшілерін, оның ішінде АҚШ әскрилерін өлтіргені үшін ақша төлеген.
Осыған орай, Джо Байден Дональд Трампты Владимир Путиннің «күшігі» деп атады. «Ол Путиннің күшігі. Путинге америкалық сарбаздардың басшылары үшін сыйақы туралы айтудан бас тартады», - деді. Байден бұл сөзді америкалықтар не үшін Трампқа емес, оған дауыс беруі керек деген сұраққа жауап ретінде айтты.
Байденнің айтуынша, АҚШ-тың вице-президенті ретінде Путинмен әңгімелесу кезінде Ресей басшысы оған АҚШ-тың «қолынан ешнәрсе келмейтігін» айқын білдірген көрінеді.
«Трамп елді «ауру, кедей, бөлінген және зорлық-зомбылықтың ордасына айналдырды. Мен вице-президент болған кезде бізге рецессия мұра болды. Маған осыны түзетуді тапсырды. Мен оны істедім. Біз Трампқа қарқынды дамып келе жатқан экономиканы қалдырдық, ал ол рецессияны тудырды», - деп қосты Байден.
Трамп пен Байден АҚШ президенттігіне үміткер. 30 қыркүйекке қараған түні олар жүзбе-жүз кездесудің алғашқы кезеңін өткізді. Кестеге сай, екінші дебат 15 қазанда Майамиде (Флорида), ал үшінші кездесу Нэшвиллде (Теннеси) 22 қазанда өтеді.
АҚШ-тағы президент сайлауы 2020 жылдың қараша айында өтеді. 18 қыркүйекте жарияланған америкалық NPR радиостанциясының сауалнамасының нәтижелері сайлаушылардың 52%-ы демократ Байденге, 43%-ы Трампқа дауыс беруге дайын екенін көрсетті.
Осыған ұқсас сауалнама нәтижелерін 16 қыркүйекте Reuters жариялады. Респонденттердің 50%-ы Байденді, 41%-ы Трампты қолдады. Bloomberg-тің болжамынша, Кремль Байденге 2011 жылдан бері - оның Мәскеуге келген кезінен бастап дұшпандық көзқарас ұстанып отыр.
Себебі Байден ресейлік оппозицияға сол кезде премьер-министр болып тұрған Путин президенттікке қайталай үміткер болмауы керек екенін айтқан. Мұндай «қорлау» Кремльдің есінде мықтап сақталғандықтан, Байденнің сайлауда жеңіске жетуінен қорқады.
Керімсал Жұбатқанов,
Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Abai.kz