Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3556 0 пікір 4 Қаңтар, 2012 сағат 10:01

«Азат» партиясынан шығып, «Ақ жол» партиясына өтеміз!

Жаңа жыл «Ақ жол» үшін тосынсыймен басталды.  «Азат» Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы республикалық басшылары саясатынан түңілген  Алматы облыстық филиалының бұрынғы жетекшілері партия құрамынан шығып, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына өтуге  өтініш тапсырды.

Алматыда 3 қаңтарда өткен баспасөз мәслихатында «Азат» ЖСДП Алматы облыстық филиалының бұрынғы  төрағасы Нұрлан Әйшімбаев пен  филиал кеңесі мүшелері Марат Рғалиев, Ермек Мырзахметов және Нұрлан Шудабаевтар мұндай қадамға бару себептерін «бірқатар қатардағы партия мүшелері «Азат» ЖСДП республикалық жетекшілерінің жүргізіп отырған саясатынан түңілгендіктерімен түсіндіреді.

Оның ішінде, бұрынғы серіктестердің  ЖСДП жетекшілерінің «көсемшілдігіне» қарындары ашады.  Қатардағы партия мүшелерінің қажеттіліктеріне көңіл аудармайтын «көсемдердің»  жергілікті жерлерде не болып жатқанынан хабарлары жоқ. Партия белсенділері нақты адамдар тағдыры ойландырмайтын, тек жеке мүдделері үшін ғана билікке ұмтылып жатқан  ЖСДП-ның  сайлауалды кампаниясын кейбір  тұлғалардың жарнамасы ғана қызықтырады деп санайды.

«Бүгінде Талдықорғанда тіпті, партияның штабы да жоқ. Көлденең көк аттылар арқылы ғана қаланың бір жерінде жаңа штаб ашылды деп естиміз. Оның ешкім танымайтын жаңа жетекшілерін біз білмейміз де және ешқашан қолдаған емеспіз»,-дейді журналистерге Марат Рғалиев.

«Біз басшылардан көпірген көп сөз естиміз, бірақ істің аулы алыс. Мысалы, Әміржан Қосановтың партия филиалына мүлдем жаңа, шамасы, өз адамын әкеліп, төраға міндетін атқарушы етіп тағайындап кете салғанынан  түңіліп кеттік. Тіпті, біздің пікірімізді  керек еткен де  жоқ. Сонда демократиялық деген аты бар партия сайламайтын, тек  тағайындайтын болып тұр ғой»,-дейді нақтылап бұрынғы азаттықтар.

Халыққа қажеті «Ақ жол» партиясы деп санайды әріптестер. «Ақ жол» да, әрине, оппозиция, бірақ ол қоғамды бөлуге емес, бірлікке жұмыс істейді. Бұл партия диалог жүргізуге бейім, жанжалға емес,  жарасымға шақырып, бизнеске жағдай жасайды»,-дейді баспасөз мәслихатын өткізушілер.

Осыған байланысты филиалдың бұрынғы жетекшілері мен мүшелері  «Ақ жол» партиясы жетекшілігіне партия қатарына өту үшін өтініштерін тапсырды. «Біз «Ақ жол» партиясы сайлауалды тұғырнамасын мұқият оқып шығып, онда біздің халыққа бүгінде қажетті құндылықтар қамтылғанына көз жеткіздік. Бірінші кезекте бұл ұлттық экономика, ел бірлігі, қазақ тілінің мемлекеттік статусын көтеру, рухани-мәдени құндылықтарды сақтап, қалпына келтіру және дамыту. Біз көптен бері партия төрағасы Азат Перуашевтың іс-әрекетін қадағалап келеміз. Оның динамикалық жұмысы және  мәселені қоя білумен қатар оның шешімін таба білуі қадір  тұтқызады. Мысалы , Қазақстан Президенті   Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де біздегі көп заңдардың шикілігін, оларды жетілдіру керектігін  қанша рет айтты. «Ақ жол» партиясы бұған қатты назар аударып отыр. Тұғырнамада салық жүйесін жетілдіру, бизнеске қолдау, жастарға арналған әлеуметтік сатыны жетілдіру және т.б. заңдық реттеуге тұтас блок арналған»,-деді Нұрлан Әйшімбаев.

Олар жаңарған партияның толыққанды мүшесі болуға толық құқылары бар екендіктерін мәлімдеді. «Сөз партияға жаңадан мүше болу туралы емес... қайта оралу туралы болып отыр»,-деп нақтылады олар.- Біздің ішімізде біразымыз «Ақ жолда» 2003 жылдан мүшеміз, бөліну кезінде «Нағыз «Ақ жолмен» бірге шыққамыз. Енді «Ақ жолға» іскер кәсіпкерлердің келуімен жаңарған партия жаңа мүмкіндіктерге ие болды және сөзден іске көшкенін көріп отырмыз. «Ақ жол» билікпен бәсекеге барады, бірақ тек мәселе көтеріп қана қоймай, оны шешу үшін нақты қадамдар жасайды. Сондықтан, біз «Ақ жолға» қайта оралуға шешім қабылдадық. Оның үстіне 2002-2004 жылдары «Ақ жолды» құрған біздің көптеген әріптестеріміз жаңа басшылық келген соң, партияға қайта оралып, бұрынғы серіктерімен қайта бірікті».

Журналистер бұл қадамға байланысты «Ақ жол» бүгінгі жағдайымен оппозицияны біріктіруші күшке айналуы мүмкін бе деген сұрақ қойды. «Бүгінгі өтіп жатқан үдеріске қарасақ және біздің партияға өткіміз келгеніндей, көптеген адамдардың да ынтасы бар екенін ескерсек, «Ақ жолдың» бұған толық қуаты бар. Оның үстіне, соңғы бірнеше айдың ішінде партия қатарына көптеген белгілі де, беделді қазақстандықтар кірді. Демек, олар да, біз секілді «Ақ жолға» сенеді»-деді Марат Рғалиев.

Бұрынғы ЖСДП мүшелерінің айтуынша, бұл шешімді олар өз еріктерімен қабылдаған, «Ақ жол» ҚДП жетекшілігіне  ешқандай шарт қоймайды және ешқандай қызметтік лауазымға ұмтылмайды. «Бұл біздің азаматтық ұстанымымыз. Біз патриотпыз және адамдарға нақты көмек беру үшін бәрін жасаймыз. Біз өзге мүшелері де ЖСДП-дан шығып, артымыздан ереді деп білеміз. Олар да біз секілді өз шешімдерін қабылдауға құқы бар»- дейді баспасөз мәслихатына қатысушылар.

Жиын қорытындысында олар «Ақ жол» ҚДП Саяси кеңесі өздерінің партияға кіру туралы өтініштеріне байланысты дұрыс шешім қабылдайды  деп сенім білдіріп, сайлаушыларды 15 қаңтарда «Ақ жол» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Азат» партиясынан шығып, Азаттың «Ақ жол» партиясына өтушілер қадамын қолдаушылар аз болмас деп білеміз.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321