Өзенмұнайгаз бен Қаражанбасмұнайға жұмысқа орналасу үшін 1300-ден аса өтініш қабылданды
Маңғыстау облысындағы «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Қаражанбасмұнай» өндірістік филиалдарына жұмысқа орналасу үшін 1300-ден астам өтініш қабылданды, деп хабарлайды бейсенбі күні аймақтық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«4 қаңтардағы мәлімет бойынша, «Өзенмұнайгазға» жұмысқа орналасу үшін 918 адамнан, «Қаражанбасмұнайға» жұмысқа қабылдану үшін 390 адамнан өтініш қабылданды», - делінген хабарламада.
Ереуілдердің салдарынан жұмыстан босатылған мұнайшыларды жаппай жұмысқа орналастыру 16 желтоқсанда Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерден кейін басталған.
АСТАНА, 5 қаң - Қазақстан жаңалықтары АА.
newskaz.kz