Адамды өлгенше ұрған Алматы облысының тұрғындары 10 жылға сотталуы мүмкін
Талдықорғанда адамды өлгенше ұрды деген айыппен, күдікті алты ер кісі, он жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін, деп хабарлайды Алматы облысының ІІД баспасөз қызметі.
Мекеменің мәліметінше, облыстық ауруханаға жергілікті екі тұрғын келіп түсіп, ол екеуінің біреуі бір тәуліктен кейін көз жұмған. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша, ер кісінің өлімі қатты соққылардан алған дене жарақаттары нәтижесінде болған.
Бірқатар болжамдар жасай отырып, полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады, олардың үшеуі көршілес Ақсу ауданының тұрғыны, қалғандары Талдықорған тұрғындары.
Алдын ала тергеу барысында, ақыры төбелеске ұласқан жанжалдың, қаланың түнгі дүкендерінің бірінің маңында орын алғандығы анықталды. Төбелестің куәгерлері жәбірленушілердің жанында болған қыздар болды.
Адам өліміне әкеліп соқтырған дене жарақаттарын жасау фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 103-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Алты күдіктінің барлығы қамауға алынды.
Қазіргі кезде соққыға жығылған екінші адам ауруханада жатыр.
АСТАНА, 5 қаң - Қазақстан жаңалықтары АА.
newskaz.kz