Сенбі, 23 Қараша 2024
2126 0 пікір 4 Қазан, 2020 сағат 13:39

Нұрлан Нығматулин ұстаздарды мерекесімен құттықтады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтаймын! Осындай қиын кезеңде де сіздер ұрпаққа білім беріп, ел болашағы үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. Сіздерге алғысымыз шексіз. Баршаңызға зор денсаулық, ырыс-құт, береке тілеймін!» - деді Нұрлан Нығматулин өзінің Twitter -дегі парақшасында.

Сонымен қатар, Палата Спикері Парламентте «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заңның қабылданғанын, ол заң мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, әлеуметтік жағдайын арттыруға ықпал еткенін атап өтті.

Айта кетсек, қазан айының алғашқы жексенбісінде Қазақстанда мұғалімдердің кәсіби мерекесі атап өтіледі.

Бұл атаулы күн 1965 жылы 29 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Бұйрығымен белгіленген. Бүгінгі таңда Қазақстан, Беларусь, Латвия және Украина Мұғалімдер күнін қазанның алғашқы жексенбісінде атап өтеді. Ал көршілес Өзбекстан – 1 қазанда, Қырғызстан, Әзербайжан, Ресей, Тәжікстан, Армения, Молдавия, Эстония және Литва – ұстаздар мерекесін 5 қазан күніне бекіткен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366