Астана мен Пекин стратегиялық әріптестікті алдағы уақытта жалғастыратын болады – мемлекет басшылары
Қазақстан мен Қытай мемлекеттер арасында 20 жыл бұрын орнатылған стратегиялық әріптестікті алдағы уақытта дамытуға ниетті, деп хабарлады сәрсенбіде Қазақстан басшысының баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаодан ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толуына байланысты құттықтау хат келді.
Ху Цзиньтао өзінің құттықтау хатында бұдан 20 жыл бұрын Қытай мен Қазақстанның ресми дипломатиялық қатынастарының орнауымен екі ел халықтарының арасында достық байланыстардың жаңа парақтары ашылғанын атап өткен. Өткен 20 жыл бойына қытай-қазақстан қатынастарының қарқынды дамуының жағымды үрдісі өзгеріссіз сақталуда. Тараптар өзара сенімнің жоғары деңгейіне қол жеткізді, өзара мүдделестік тудыратын маңызды мәселелерде бір-біріне нақты қолдау көрсетті. Жемісті ынтымақтастықтың айқын нәтижесі сауда, инвестиция, энергетика, көлік, инфрақұрылымдық құрылыс және өзге салаларда көрініс тапты.
Құттықтау хатта өткен жылдың маусым айында екі елдің мемлекет басшылары Қытай мен Қазақстанның жан-жақты стратегиялық әріптестігін дамыту туралы жария етті. Ұзақ мерзімдік, тұрақты және динамикалы қытай-қазақстан қарым-қатынастары екі елдің ежелгі мүдделеріне сәйкес келеді.

«ҚХР Төрағасы қытай тарабы Қазақстанмен қарым-қатынастарды дамытуға зор мән беретінін, оны достас көрші, жақын дос және маңызды стратегиялық әріптес санайтынын атап көрсеткен», - делінген хабарламада.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоға екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толуына байланысты жауап ретінде өз құттықтауын жолдады.
Мемлекет басшысы стратегиялық әріптестік қарым-қатынастар, достық пен тату көршілестік Қазақстан мен Қытай халқын ежелден байланыстырып отырғанын және екі мемлекеттің мүдделері үшін алда да нығайып, дами беретінін атап өткен.
АСТАНА, 4 қаң - Қазақстан жаңалықтары АА.
newskaz.kz