Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2997 0 пікір 6 Қаңтар, 2012 сағат 04:55

Жанкелді Шымшықов, экономист: «БЭК бізді бөлшектеп кетуі мүмкін»

Қаржы нарығында АҚШ долларымен бәсекеге түсіп,   халықаралық валюта айналымына еніп отырған кәрі құрлықтағы елдердің ортақ ақшасы - Еуроның жарық көргеніне де он жыл болып қалыпты. Ортақ валюта Еуропаға не берді? Кім ұтты, кім ұтылды? Құрамында Ресей мен Беларусь бар  Кедендік одақты місе тұтпай Біріккен экономикалық кеңістікке (БЭК)  ұмтылған Қазақстанды алда не күтіп тұр? Осы сауалдарға Abai.kz ақпараттық порталының сарапшысы, экономист Жанкелді Шымшықов мырза жауап береді.

«Абай-ақпарат»

- Биыл Еуроның айналымға шыққанына он жыл толды. Еуропа ортақ валютадан не ұтты, неден ұтылды?

- Еуропа ортақ валютаны айналымға енгізу арқылы жалпы ұтысқа шықты. Әсіресе, жоғары дамыған Алмания, Франция, Бельгия, Голландия сияқты алдыңғы қатарлы елдердің ортақ валютадан тапқан олжасы мол болды. Ал, Исландия, Ирландия, Греция сияқты төмен деңгейдегі елдер ұтылды. Қаржы дағдарысының салдарына ұрынды.

- Еуропаның бірігуі кәрі құрлықты Қытай экономикасының экспанциясынан қорғап қала ала ма?

- Еуропада жаһандануға қарсы күрес қатты өршіп келеді. Былтырдан бері Испания, Италия, Греция т.б. елдер Біртұтас Еуропалық Одақты қабылдаудан бас тартып, Еуропарламентка де қарсы шығуда. Олар: «ұлттан үстем мемлекеттік органдардың бәрі тәуелсіздігімізді шектеуі мүмкін» деген ұран салуда. Ал, енді қытай экономикасынан қорғану мәселесіне келсек, әңгіме былай: Еуропаның бүгінгі тұтыну нарығында 80 % күнделікті тауарлардың үлесі Қытайдан. Сондықтан ешқандай Одақ Еуропаның экономикасын «қара қытайдың» қаптауынан қорғай алмайды, өйткені олар «Ұлы Қытай қабырғасы» бола алмайды!

- Ресей, Қазақстан, Беларусь үштігінің кедендік одағына жыл толды. Кім неден ұтылды, неден ұтты?

- Ресей, Қазақстан, Беларусь үштігінің кедендік одағынан, әрине, Ресей ұтты. Қазақстан күтпеген жерден жанар-жағар май, көкөніс, тұтыну тауарлары, әсіресе, шет ел автомобильдерінің базарында бас көтермес инфляцияға ұшырады. Бүкіл үш ел арасындағы Одақтық ауыртпалықты қарапайым тұтынушы - сатып алушылар өз табысымен көтерді.

- Кедендік одақпен тоқтамай, Біріккен экономикалық кеңістікке кірдік. Бұл Қазақстанға не береді? Бұл саяси қадамды қалай және немен түсіндіруге болады?

- Біріккен экономикалық кеңістікке (БЭК)  кіріп ел тәуелсіздігінен бөлшектеп айырылуымыз сөзсіз. Ұлттан жоғарғы тұратын билік органдары ертең-ақ қазақ халқының тәуелсіз мемлекетінің күлін көкке ұшыратын шешім қабылдауы мүмкін. Мұндай қауіпті жоққа шығаруға болмайды.

- Қазақстан экономикасында одақтар мен кеңістіктерге зәрулік бар ма еді?

- Қазақстан экономикасы шикізат өндірісіне бағытталғандығы белгілі. Егер де Қазақстан инновациялық Жапония, Сингапур, Малайзия сияқты елдермен одақ, ортақ кеңістік құрса, бір сәрі. Басқа елдермен, әсіресе, Ресеймен Одақ бізді кері кетіреді.

- Билік Жаңаөзендегі оқиғадан кейін  мұнай газ саласындағы экономикалық саясатқа және инвесторлармен арада жасалған келісім-шарттарды қайта қарауы мүмкін бе?

- Билік Жаңаөзендегі жұмысшылардың әділ талабына 7 ай бойы көз жұмып қарап отырды да ақырында оларды оққа байлады. Өйткені, бұл жерде биліктің табыс көзі жатыр, сондықтан ешкімді әуелі су шашып, одан соң түтін шашып, сосын көзден жас ағызатын газбен, әрі кетсе резина оқпен атудың орнына, бірден майдан оғын боратып өлтірді. Бұл жерде кімде-кім биліктің табыс көзіне көз алартса, оған  «өлім келсін!» деген ұран оққа айналады. Орыс барды В.Высоцкий айтпақшы: «Здесь у него интерес, здесь у него лежбище!»

- Әңгімеңізге рахмет!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364