Сенбі, 23 Қараша 2024
3171 0 пікір 6 Қазан, 2020 сағат 16:00

Қазақстанға халықаралық рейспен жолаушылар келе бастады

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов коронавирус инфекциясы бойынша жаңа талаптар енгізілгеннен кейін алғашқы халықаралық әуе рейстерінің келуіне қатысты пікір білдірді.

«Кеше кешке қосымша шектеу талаптары жағдайында елорданың әуе айлағының дайындығы сараланды. Осы жылдың 6 қазанының түнінде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы Түркиядан 4 әуе рейсін күтіп алды. Барлығы 478 жолаушы келді. Олардың 170-і COVID-19 бойынша ПТР-анықтамасы болмағандықтан карантиндік стационарға жатқызылды. Олар сол жерде ПТР-анализден өтеді», - деді көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

Ал Алматы қаласындағы әуежай Түркия, Оңтүстік Корея мен Беларусьтан 8 әуе рейсін қабылдаған. Барлығы 797 жолаушы келіп, олардың 230-да COVID-19 бойынша ПТР-анықтамасы болмаған. Олар да ПТР-анализден өту үшін карантиндік стационарға жатқызылды.

Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, Қазақстанға келген шетел азаматтарында COVID-19 бойынша ПТР-анықтама болған. Олардың ешқайсысы депортацияланған жоқ.

Бірінші әуежайда транзиттік жолаушылар да ПТР әдісімен тесттен өту үшін екі күндік карантинге орналастырылады.

ПТР-тесттен өтетін жолаушылары елордадағы Ramada Plaza Astana қонақүйі мен Алматыдағы Renion hotel, Ambassador, Shera Park, «Премьер Алатау» отелдеріндегі карантиндік стационарда жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391