Дүйсенбі, 14 Қазан 2024
3025 2 пікір 8 Қазан, 2020 сағат 10:58

Құрманғазы оркестрі 87-ші концерттік маусымын ашады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жарлығына сәйкес  Республикамызда қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және ұлы ойшыл, шығыстың Аристотелі атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы атап өтілуде. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі өзінің 87 маусымын осы Ұлы тұлғалардың шығармашылығымен сабақтастырып концерттер өткізуді жоспарлауда

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақтың інжу – маржаны» - деп атаған оркестр бүгінде бүкіл әлемге халқымыздың музыкалық өнерін, бірегей музыкалық аспаптарын және Ұлы дала әуенінің пәк сұлулығын танытып жүрген өнер ордасы.

Оркестрдің жоғары орындаушылық шеберлігі тыңдарман қауымның сүйіспеншілігін тудырып, оларды халқымыздың бай музыкалық мұраларымен, отандық және әлемдік классикалық озық музыка үлгілерімен сусындатып келеді.

87-ші концерттік маусымның ашылу рәсімі елімізде орын алған карантиндік жағдайға байланысты оркестрдің әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы онлайн түрде өтеді.

Іс-шараға Құрманғазы оркестрімен бірге Республикалық конкурстардың лауреатты: Салтанат Аман, Айдос Жабағин, Рахат Сарсенов т.б. қатысады.  Концерттік бағдарламада төл шығармаларымыз кеңінен орындалатын болады. 

Оркестрдің бас дирижері – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты – Абылай Тілепберген.

Іс-шара Құрманғазы оркестрінің әлеуметтік желідегі парақшаларында (kurmangazy orkestr) парақшаларында өтеді 

Уақыты: 9 қазан, сағат 20:00-де.

Abai.kz

2 пікір