Қазақстан туризм саласы бойынша 73 мемлекеттің ішінде 70-інші орында
Елімізде туризм саласына түскен кіріс екі есе азайды,- деп хабарлайды 24.kz.
Алғашқы жартыжылдықта еліміздегі қонақүйлерде бір жарым миллионға жуық адамға қызмет көрсетілген. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 2 есе аз.
Пандемия басталғалы түскен кіріс 28 млрд теңгеге жуықтаған. Бір жұлдызды қонақ үйлерге сұраныс бұрынғыға қарағанда 10 есе артқан. Үш, бес жұлдызды қонақүйлерге келушілер саны 3,5 есе төмендепті. Ал категориясы жоқ мейманханаларға келушілер 40%-ке азайған. Мұнда 800 мың адам ғана тұрақтады. Елдегі туристік қызмет көрсету орындарына жарты жылда 28 млрд теңге ғана түскен. Бұл әдеттегіден екі есе аз.
Америкалық басылымдар жүргізген зерттеуге сай еліміз 73 мемлекеттің 70 тұғырынан көрінді. Туристер Қазақстанды достық пейілі, тұмса табиғат, жанға жайлы климаты бар ел ретінде таңдаған.
Abai.kz