Қостанай облысына Франциядан 70 бас асыл тұқымды ірі қара мал әкелінді
Қостанай. 9 қаңтар. ҚазТАГ - Қостанай облысының Қамысты ауданында орналасқан «Қоныспай-Агро» ЖШС Франциядан обрак асыл тұқымды 72 бас ІҚМ әкелді, деп Қостанай облыстық ауыл шаруашылық басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің бастығы Әлімжан Жүсіпов дүйсенбі күні мәлім етті.
«Сиырлар жеке қаражат есебінен сатып алынды. Егер осы әкелінген мал өздерін жақсы көрсете алса, шаруашылық тағы бір партиясын сатып алмақшы», - деді Ә. Жүсіпов.
Ол сондай-ақ, шаруашылық қазақтың ақ бас тұқымды сиырын өсіріп жатқандығын, бірақ оның әлеуетін арттыра түсу үшін жаңа қан құю керектігін айтты.
Ә. Жүсіповтың айтуынша, облысқа осы асыл тұқымды еттік бағыттағы сиырлар тұңғыш рет әкелініп отыр. Мысалы, бұл тұқым Францияда ең кең таралған. Бұл сиырлардың тұқымы жем-шөпті көп таңдамайтын, өміршең деп саналады.
«Келесі аптада тағы бір партия мал әкелінеді. Арқалықтың түбінде орналасқан «Нұр жайлау» ЖШС-ке еттік бағыттағы 720 бас абердин-ангус тұқымды құнажындар жеткізіледі», - деді Ә. Жүсіпов.