Бас прокуратура «Руханияттың» ОСК-ға қарсы арызын кері қайтаруды талап етті
Астана. 9 қаңтар. ҚазТАГ - Анастасия Прилепская. Бас прокуратура «Руханият» партиясының орталық сайлау комиссиясына (ОСК) қарсы арызын толығымен кері қайтаруды және саяси бірлестіктің құжаттарын қосымша тексеру белгілеуді талап етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
««Руханият» партиясының арызын толығымен кері қайтаруды өтінемін», - деп мәлімдеді дүйсенбі күні соттағы жарыссөзде бас қадағалаушы органның ресми өкілі Нұрлан Сүйіндіков.
Сондай-ақ, ол бас прокуратура анықтаған құжаттарды бұрмалау фактілері бойынша соттың жеке анықтамасын шығаруды талап етті.
«Құқық қорғау органдарына тергеуалды тексеру жүргізуді тапсыруды сұраймын», - деді Н. Сүйіндіков.
Бұрын хабарланғандай, жұма күні Астананың Сарыарқа аудандық сотында «Руханият» партиясының ОСК-ға қарсы арызы бойынша процесс басталды. Партия өкілдері ОСК-ның алдағы кезектен тыс парламент сайлауында «Руханияттың» партиялық тізімін тіркеуді бұзу туралы шешімін қайта қарауды талап етті.
Еске сала кетейік, 28 желтоқсанда ОСК «Руханияттың» партиялық тізімін тіркеуді бұзу, парламент мәжілісінің кезектен тыс сайлауының сайлау бюллетеньдеріндегі тізімнен партияның атауын алып тастау туралы қаулы шығарды. ОСК мүшелері бұл қаулы үшін бірауыздан дауыс берді.