ҚМГ БӨ 2011 жылы мұнай өндіру көлемін 7%-ға, 12,3 млн тоннаға дейін төмендетті
Алматы. 9 қаңтар. ҚазТАГ - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) 2011 жылы 12,3 млн тонна мұнай өндірді, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 7%-ға аз, делінген компанияның ақпаратында.
««ҚМГ» БӨ» «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» (CCEL), «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, 2011 жылы 12 341 мың тонна мұнай (тәулігіне 250 мың баррель) өндірді, бұл 2010 жылдағыдан 944 мың тоннаға немесе 7 %-ға кем», - делінген дүйсенбі күні таратылған баспасөз хабарламасында.
Ақпаратқа сәйкес, «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы (ӨМГ) 5 082 мың тонна (тәулігіне 102 мың баррель) мұнай өндірді, бұл өткен жылдағыдан 884 мың тоннаға аз. «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалы (ЕМГ) 2 818 мың тонна (тәулігіне 57 мың тонна) мұнай өндірді, бұл өткен жылдағыдан 18 мың тоннаға артық, соның арқасында 2011 жылы ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 7 900 мың тоннаны (тәулігіне 159 мың баррель) құрады, бұл 2010 жылдағыдан 866 мың тоннаға немесе 10 %-ға аз.
Өндіру нәтижелеріне 2011 жылдың мамыр-тамыз айларында ӨМГ-де өткен заңсыз наразылық акциясы, сондай-ақ,биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында ауа-райының қолайсыздығынан кен орындарында электр қуатын беруді шектеу, апатты сөну жағдайлары кері әсер етті.

Компания мұнай өндіруді қалпына келтіру жөнінде бірқатар шараларды қолға алды, соның арқасында тәуліктік мұнай өндіру деңгейінің өсу қарқыны байқалады, 2011 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша мұнай өндіру деңгейі тәулігіне 14,2 мың тоннаны (тәулігіне 105 мың баррель) құрайды.
CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының өндіруіндегі ҚМГ БӨ үлесі 2011 жылы 4 442 мың тоннаны (тәулігіне 91 мың баррель) құрады, бұл аталған бірлескен кәсіпорындардағы өндіру жоспарына сәйкес 2010 жылдағы өндіру көлемімен салыстырғанда, 78 мың тоннаға немесе 2 %-ға аз.
ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2011 жылы 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 250 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды.