Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3053 0 пікір 9 Қаңтар, 2012 сағат 09:37

«Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың басым көпшілігінің қолдауына ие

Соңғы уақытта елдің қоғамдық-саяси өміріндегі кеңінен талқыланып жүрген тақырыптардың бірі - алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы болып табылатыны сөзсіз. Осыған байланысты қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйін анықтау мақсатында «InfoSystem» зерттеу орталығы» қоғамдық қоры 2011 жылғы 24 желтоқсан мен 2012 жылғы 6 қаңтар аралығындағы мерзімде бүкіл республика бойынша арнайы әлеуметтік зерттеу өткізген болатын. 1628 респондент қатысқан осы зерттеудің қорытындылары бойынша бүгін қоғамдық қор директоры Салтанат Ахмедованың брифингісі болып өтті.

Зерттеу мәліметтеріне сәйкес сайлаушылардың электоралды белсенділігі бүгінгі күні 76,1%-ды құрап отыр. Дауыс беруге келушілердің санының осындай жоғары көрсеткіші ерекше қуантарлық жағдай.

Сайлау додасына қатысып отырған партиялардың электоралды рейтингісіне келсек, электоралды науқан басталғаннан бері көптеген партиялар өздерінің электоралды рейтингісін айтарлықтай көтергенін байқауға болады.

Ал электоралды кеңістіктің абсолютты лидері бұл жолы да «Нұр Отан» партиясы болғаны анықталды. Билеуші партияның рейтингісі 82,2%-ды құрады. «Оған бәсекелес бола алатындай басқа ешқандай партияның мүмкіндігі жоқ», - деп атап өтті «InfoSystem» зерттеу орталығы жетекшісі.

Сондай-ақ, зерттеу барысында респонденттерге саяси партияны таңдау кезінде олар қандай құндылық бағыт-бағдарларды басшылыққа алатынын анықтау ұсынылған болатын.

Алынған жауаптарға сәйкес қазақстандықтардың көпшілігі келесілерді басты құндылықтар деп санайды: тұрақтылық - 78,2%, татулық пен келісім - 69,2%, болашаққа деген сенім - 59,4%, тұрақты даму - 55,2% және мемлекеттік тіл - 54,2%. Сондай-ақ респонденттер халықтың әл-ауқаты (45,3%), әлеуметтік әділдік (38,6%), сондай-ақ демократияның дамуын (29,4%) маңызды мәселелер қатарына жатқызды.

Осыған орай, «базалық жалыпұлттық құндылықты ұстану қазақстандықтардың басты жұмылдырушы факторы болып табылады», - дейді «InfoSystem» зерттеу орталығында.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371