Мұхтар Шерім.Төпли таптыңыз ба?
Біз бар ғой, мына біз, адамдарды айтамын, о бастан еңбектеп жүретін болсақ. Жер бетіндегі жыбырлағанның бәрі еңбектеп жүреді дегенім ғой. Құдай бізді түрегеп жүруге жаратпаған... Мұны неге айтып отырмын десеңізші, қазір шіреніп жүрген шенеуніктер мен байлардың көбі Құдаймен «амандасып», бірге жүрген көрінеді... Жерге жақындағылары келмейді. Жер басып жүріп, жерді менсінбейді.
Соынымен, адамдар еңбектеп жүр. Бұрын аяқтарыңызға ғана аяқ киім алатын едіңіздер ғой, енді еңіреп отырып, екі қолыңызға да жазда туфли, қыста етік сатып аласыз... Кедейлерге қиын енді... Жалаң аяқ демекші, жалаң қол жүргендерді көріп, жанымыз ашиды. Екі тізеңіз о бастан шеге ұрып кіргізе алмайтындай қап-қатты, мүйізденген болса... Не керек, еңбектеп жүрміз. Жерге жақынбыз. Мысалы, көршіңізден үй бетін көрмейтін, кім көрінгенмен атысып жүрген балаңызды сұрайсыз.
- Менің баламды көрдің бе?
- Ана-ау, еңбектеп бара жатқан сіздің балаңыз емес пе?
- Жоқ, кейінгі кезде балам бауырмен жорғалап жүр...
Немесе, екі шенеунік қатар еңбектесіп барады.
- Сайлау қалай өтті?
- Бюллетень тастайтын жәшікті өте биік жасап қойыпты. Еңбектегендердің бойлары жетпей жатыр.
- Оппозицияға әдейі жасаған ғой, билікке қолдарын созбасын деп...

Еңбектеп жүру дегеніңіз, тіпті күлкілі емес. О бастан солай жаралғанбыз ғой.. Қолтырауындар да жер басып жүр емес пе? Әкімдер креслода шалқалап отыра алмайды. Еңбектеп жүрген адам қалай құйрығымен отырсын? Кабинетінде стол, орындық деген атымен жоқ. Тек жерге кілем төселген, төрде қалың көрпе, құс жастық, әкім етпетінен жатыр. Кеудесінде құс жастық. Галстугі арқасында, айтпақшы, шенеуніктер галстугты мойнына емес, желкесіне тағып, арқасына қарай жібереді. Алдына жіберсе, жерге сүйретіліп, шаң-топырақ болып кетеді ғой...
Жер бетінде бәріміз еңбектеп жүрміз. Сәлемдескенде, бастарымызды соғыстырамыз. Бір жаман жері, спорттың баскетбол, футбол деген ойындарын ойнай алмаймыз. Еңбектеген адамдар... Әсіресе, әйелдерге обал... Көйлектері жерге тиіп, жырым-жырым болып... деп ойлайсыздар ғой. Жоқ, олай емес, Құдай оларды секеңдетіп қойған. Қанша дегенмен, өсек айтулары, қыдырулары керек дегендей, секеңдеп жүреді... Қос аяқ секілді... Алдыңғы қолдары қып-қысқа... Секең-секең...
- Өлә, туфлиімнің өкшесі сынып қалыпты.-дейді әйелі.
- Қатты секеңдеме дедім ғой саған!
- Секеңдеген сайын ішім ауырады...
- Аяғың ауыр. Балаң түсіп қалады.
- Сен де абайлап еңбектесеңші. Ішіп алып, арқаңмен жүресің бе, бір қырыңмен жүресің бе, жынымды келтіресің!
- Сендерді құдай неге секеңдетіп қойды екен?-деп күрсінді күйеуі.
- Неге олай дейсің, жаным?
- Кейде құтырып кетесің. Сондайды ұрып алайын десем, секең-секең етіп, үй айнала қашасың. Еңбектеп екі күнде жете алмаппын да саған!
Адамдар еңбектеп барады... Бәрі бірдей... Құдай болып жүрген құдайсыздар жоқ... Бәріміз еңбектеп жүрміз, жер иіскеп... Айтпақшы, қолыңызға төфли таптыңыз ба?
«Абай-ақпарат»