Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2571 0 пікір 10 Қаңтар, 2012 сағат 05:11

Зиялы қауымның ел алдындағы адал сөзi

Қазағым - халқым! Елiмiздi мекендеген барша ағайын!

Қазақ қоғамының қазiргiдей мүшкiл халге түсуiне бiздiң қатарымыздың аздығы, босаңдығымыз, елiм-жұртым деп елжiрегеннен әрiге бара алмаған әрекетсiздiгiмiз себеп болды. Ақиқатты ашық айтудың орнына күнiмдiк тiрлiк үшiн, қарақан басымыздың, бала-шағаның қамы үшiн көп сәттерде үнсiз қалдық. Алаш Арыстарындай болуға ұмтылмаған, соған жарамаған өзiмiз кiнәлiмiз. Кеңестiк отарлық идеологияның, саяси қуғын-сүргiннiң сананы сарсылдырған салқыны тарайтын уақыт өттi. Тәуелсiздiктiң 20 жылында одан арылып болмасақ, ой-санадағы құлдық қамытынан қашан құтылмақпыз. Бiз ұлттың мүддесiн түгендемесек, бұл мiндеттi кiм өз мойнына алады. Билiк басында отырғандар ма? Жерiмiздiң асты-үстiндегi қазба байлықты әкесiнен бiр өзiне қалған мұрадай шеттен келген келiмсектерге таратып, қызығын соларға көрсеткендер ме? Әлде тосыннан миллиардер болып шыға келгендердiң сөзiн сөйлеп, ауыздары майланған қазақ малайлар ма? Параға сатылғыш қаптаған шенеунiктерге де ол мiндеттi жүктей алмаймыз. Сiрә, көш бастаушыға да сенiм түгесiлдi. Сондықтан ол мiндеттi Бiз өзiмiз атқаруға тиiспiз!

Ол үшiн не iстемек керек? Ұлтқа шынайы жаны ашитын зиялы қауым топтасып, бiрiгемiз! Өз арамыздағы жеке бастық келiспеушiлiктi, араздықты, өкпе-ренiштi ысырып тастап, ортақ мақсатқа бiр кiсiдей атсалысамыз! Бiз елiмiздегi барлық қоғамдық-саяси, әлеуметтiк-экономикалық, iшкi, сыртқы саясаттағы, мемлекет аралық байланыстағы мәселелерге мән беремiз. Оларға талдау жасап, зерттеу жүргiземiз. 20 жылда кеткен қателiктердi түзетудi президенттен, парламенттен, үкiметтен талап етемiз.

Бiз бүгiнгi талқылаудың өзегi болған Жаңаөзендегi мемлекеттiк органдар тарапынан жасалған қанды қылмысты қатаң айыптаймыз! Оған қатысы барлардың барлығы, оның iшiнде Iшкi iстер министрi Қ.Қасымов, бас прокурор  А.Дауылбаев, Ұлттық қауiпсiздiк  комитетiнiң төрағасы Н.Абықаев  қызметтерiнен дереу кетiрiлсiн және заң бойынша жауапкершiлiкке тартылсын, жазалансын! Халықаралық ұйымдардың, Тәуелсiз қоғамдық комиссияның жұмыс iстеуiне мүмкiндiк берiлсiн! Жаңаөзендегi төтенше жағдай алынып тасталсын. Қамаудағы азаматтар мен азаматшаларға қысым жасау, қорқыту, қинау тоқтатылсын! Ереуiлге қатысқаны үшiн басқа желеумен жұмыстан шығарылған барлық мұнайшылар өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылсын! Олардың еңбек дауына байланысты қойған талаптары мұқият қаралсын!

Жаңаөзендiктердi теле-радио бағдарламаларында, газет беттерiнде орынсыз айыптап жазғыра сөйлегендер мен соны ұйымдастырған ақпарат құралдарының басшылары халықтан кешiрiм сұрасын!

Президент Н.Назарбаевтан мыналар талап етiлсiн: халыққа қарсы ешқашан да қару қолданбауға, қантөгiске жол бермеуге кепiлдiк берсiн;  жағынуды,  жемқорлықты, көзбояушылықты атқарушы билiктiң өзегi еткен К.Масимов бастаған үкiметтi толық құрамында таратсын; жаңа үкiмет өзiндiк ұстанымы бар, турашыл, кәсiптiк бiлiктiлiгi жоғары жас кадрлармен алмастырылсын; президент Әкiмшiлiгiнiң жетекшiсi А.Мусин қызметiнен босатылсын; елдегi жағдайды толық

бiлiп отыруы үшiн бiзбен, басқа да азаматтық қоғам өкiлдерiмен тоқсан сайын кездесiп тұруды өзiнiң жұмыс кестесiне енгiзсiн.

Елiмiзде Жаңаөзендегiдей қантөгiстi жағдайды болдырмау, әлеуметтiк қақтығыстардың алдын алу үшiн бiз елдегi қордаланған проблемаларды ашық талқыға саламыз. Оларды шешудiң жолдарын ұсынамыз. Бiз демократиялық даму жолын  таңдаймыз. Автократиялық - диктаторлық  билiктiң, жеке басқа табынушылықтың қандай  да бiр көрiнiстерiн ескiлiктiң қалдықтары ретiнде қоқысқа тастаймыз.

Бiз өз халқымыздың бүгiнi мен болашағы үшiн жауапкершiлiктi арқалауға әзiрмiз!

Бұл  үндеу Алматы қаласындағы зиялылардың бас қосу жиынында қабылданды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394