Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 6026 15 пікір 16 Қазан, 2020 сағат 15:00

Текебаев: «Доссекретардан» құтыла алмайсыз!

Кеше, 15 қазанда Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 4 қазандағы парламент сайлауынан кейін басталған төңкерістен кейін өз еркімен қызметтен кететінін мәлімдеген еді. Отставкаға кету туралы шешім қабылдаған.

ЖЭЭНБЕКОВТІҢ ОТСТАВКАСЫ

«Мен билікті ұстамаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарын атқан, қан төккен президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдадым.

Жапаров пен басқа да саясаткерлерді өз жақтастарын ел астанасынан шығарып, Бішкек тұрғындарына бейбіт өмірді қайтаруға шақырамын», - деген еді Жээнбеков.

Ол 9 қазанда да ел-жұртқа мәлімдеме жасап, Қырғызстан құқықтық жолға түскенде қызметтен кетуге әзір екенін жеткізген.

«Мен үшін мемлекет тұтастығынан, халық бірлігінен және қоғам тыныштығынан артық лауазым жоқ. Бізге барынша тездетіп заң жолына түсуіміз керек. Атқарушы биліктің заңды жетекшілері бекітілгеннен кейін, мен Қырғызстан президенті қызметімнен кетуге дайынмын», - деген еді Сооронбай Жээнбеков.

СӨКЕ КЕТТІ. СӘКЕ КЕЛДІ...

Садыр Жапаров заявил, что к нему полностью перешли обязанности президента Кыргызстана

Жээнбеков сөзінде тұрды. Сөке кетті. Сәке келді. Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі қызметіне ресми тағайындалды. Қырғыз парламенті (Жогорку Кенеш) оның кандидатурасын екінші мәрте мақұлдап, Жапаров ұсынған тізім бойынша Қырғыз Үкіметінің құрамын бекітті. Кеше. Президент Жээнбеков ол тізімді мақұлдап, Жарлыққа қол қойды. Артынша өзі де арыз жазып, доғаысқа кететінін жариялады. Бұл бір.

Бішкекте оппозициялық саясаткер Текебаев адвокатының үйіне шабуыл жасалды

Қырғызстанның саяси билігіндегі тағы бір жаңалық – ол қырғыздың тәжірбиелі саясаткері Өмірбек Текебаевтың қайтадан депутат болып сайлануы болды. Өмірбек Текебаев Алмазбек Атамбаевтың президенттігі тұсында түрмеге қамалған.

2017 жылы ресейлік кәсіпкер Леонид Маевскийдің: «Текебаевқа 1 млн доллар пара бердім», деген шағымы бойынша, Өмірбек Текебаев 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Кейін Бішкектің Бірінші май аудандық соты саясаткерді үйқамаққа ауыстырып, ісін қайта қарауға кіріскен.  Биыл ол қамаудан босатылды. Бірақ саяси процесстерге араласпаған.

«Ата Мекен» партиясының лидері 10 қазанда ОСК-ға мандатын қайтаруды сұрап, өтініш түсірген. Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 15 қазанда «Ата Мекен» фракциясы атынан Жогорку Кеңеш депутаты Садык Шер-Нияздың өкілеттігін тоқтатып, депутаттық мандатты Өмірбек Текебаевқа берді. Сөйтіп, Текебаев қайтадан депутат болды.

Өмірбек Текебаев Сооронбай Жээнбековтің отставкасына және Садыр Жапаровтың қызметке тағайындалуына байланысты бүгін Қырғызстан парламентінің кезекті сессиясында сөз сөйлепті. Өз сөзінде ел билігін қолына алған Садыр Жапаров пен оның жақындары енді болатын президент сайлауына түспеуі керектігін айтқан.

ЖАҚСЫ КӨРУ МЕН ЖЕК КӨРУДЫҢ АРАСЫ – ҚАС ПЕН КӨЗДІҢ АРАСЫНДАЙ, САДЫР МЫРЗА!

Сотталған «Ата Мекен» лидері Өмірбек Текебаевты депутаттық мандатынан айырды

Өмірбек Текебаев:

- 2005 жылы президент Асқар Ақаевтың арызын алып келу үшін мен парламенттік делегацияны бастап Мәскеуге барғанмын. Жас депутат Садыр Жапаров та осы делегацияның мүшесі еді. Мәскеудегі Қырғыз Елшілігінің ғимаратында Асқар Ақаевпен жолықтық. Сол кезде Ақаевтың қоластында ұзақ жылдар жұмыс істеген азаматтар оның алдына қағаз тастап, «арызыңды дереу жаз», деп талап қылды. Асқар Ақаев басын көтеріп, маған қарап тұрып: «Мен колхоздың басшысы емеспін. Мен егемен мемлекеттің президентімін. Мені сыйламасаңдар да, елді, мемлекетті, президенттік институтты сыйлаңдар!» деп, бізді сөзге жыққан.

Сол кезде менің есіме бір оқиға түсті. 1945 жылы 2 қыркүйекте Миссури линкорының бортында генерал Маккарти Жапонияның капитуляциясын қабылдаған. Сонда жеңілгеніне қарамастан жапон генералдарына сый-құрмет көрсетіп, әскери формасын киіп келіп, қарсыластың бағынғанын жариялаған.

Ұтылған дұшпанға да жігітше, мәрт мәміле қылу керек! Мен Асқар Ақаевқа уақыт бердім. Елшіліктің үлкен залында, Қырғыз елтаңбасының астында тұрып, журналистердің көзінше қызметтен кететіні жөніндегі арызын жазып, маған тапсырған. Мен оны парламентке алып келіп, отставкасын қабылдағанбыз.

Президент Жээнбеков кеше ғана арыз жазғанына қарамастан, бүгін Жогорку Кенештің сессиясын шақырып, осы жерде өз қалауымен, қадыр-парқын сақтап, қызметтен кетуіне мүмкіндік жасап бергендеріңіз –Садыр Нұрғажаевич, сіздердің көрегендіктеріңіз. Бұл – сіздерде ұлы сипаттардың бар екенінің көрінісі.

Мен қырғызстандықтарға айтқым келеді. Қызметтен кеткен президентті, Сооронбай Жээнбековті қорлауға жол бермейік! Ол өз ісі үшін тарих алдында, Заң алдында жауап берер.

Заңға сәйкес, президент өз ықтиярымен қызметтен кету туралы Жогорку Кенешке жазған арызы жарияланғаннан кейін, Жогорку Кенеш оны бекіткені туралы шешім қабылдайды. Осыдан кейін оның қызмет-құзыреті Жогорку Кенеш төрағасына өтеді. Егер төраға белгілі себептермен президент міндетін атқара алмайтын болса, оның ресми мәлімдемесінен кейін ол құқық премьер-министрге өтеді.

Құрметті депутаттар, Құрметті Садыр Нұрғожевич!

Мұндай жағдай, мұндай прецедент Қырғызстан тарихында болған жоқ! Бір адамның қолына ебедейсіз билік, Президенттік, Үкіметтік, керек десеңіз Парламенттік билік өтіп тұр. Бүгін сізде формалды билік емес, елдің сенімі бар. Елдің үлкен үміті сізде! Бұл – ебедейсіз билік! Мен сіздің жағдайыңызға қызғанбаймын, керісінше аяймын! Өйткені ел үлкен міндеттерді талап етіп, олардың жедел әрі нақты атқарылуын күтіп отыр. Оны атқару да оңай емес. Құрмет-сый, сүю менен жек көрудің арасы – қас пен көздің арасындай екенін ұмытпайық!

Құрметті депутаттар, Садыр Нұрғожаевичтің барлық ісін жаңа парламент келгенге дейін қолдап тұрайық. Оның реформаларын, ойлаған ойларын іске асыру үшін идеалды шарт түзіп берейік.

Әлемдік практикада – бірінші жүз күн деген түсінік бар. Егер Үкімет басшысының нақты іс-жоспары болса, осы 100 күнде біраз істі бітіріп, бітірмесе де, бастап қойса болады. Егер жүз күнде болмаса, кейін де болмайды деген практикамен нақталған шындық бар. Сізге тарих осындай мүмкіндік беріп тұр. Біз игілікті қалаймыз. Қолдан келген көмекті береміз.

Ұлы Наполеон: «О, Құдай, мені достарымнан сақта! Дұшпандарыммен өзім есептесіп аламын», - деген екен. Бүгін сіздің досыңыз Қамчыбек Ташиев туралы бір ауыз сөз айтпасам болмайды.

Қамчыбек Ташиев досын түрмеден босатып қана қойған жоқ. Ол оны саяси олимптың биік шоқысына алып шыққанға үлкен септігін тигізді. Ол достықтың үлгісін бәріміз көрдік. Бүгін де екеуі егіз қозыдай жетектесіп, барлық жерде бірге жүр. Оны көрген жұрт: «Қамчыбек Ташиев қандай қызметте, қандай статустағы адам», деп жатыр.

Ілгеріде «госсекретар» деген қызмет бар еді. Мен Қамчыбек Ташиевтің қызметін «доссекретар» деп айтар едім.  «Госсекретарға» сөгіс беріп, жұмыстан босатуға болады. Ал «доссекретарды» алмастыра алмайсың, одан құтыла алмайсың!

Осыған дейінгі Ақаев, Бакиев, Атамбаев, Жээнбековтердің негізгі трагедиясы – ебедейсіз билікті өз қолдарына алып, оның игілігін дос-жаран, туған-туыстары көргендігі. Оларды жарға сол достары жыққан. Бұл бүгінгі билікке, Садыр Нұрғожаевич, сізге, сіздің айналаңыздағыларға үлкен сабақ болуы керек. Сондықтан, Ташиев мырза, сіздің жауапкершілігіңіз Садыр Жапаровтан кем емес.

Бүгінгі саяси дағдарыстың басты себептерінің бірі – әділетсіз сайлаулар! Жаңа сайлау өткізер алдында сайлау жүйесіндегі кемшіліктерді түзетуіміз керек. Бірінші кезекте сайлаудың шектік мөлшерін 7-ден, 3 пайызға дейін түсіріп, сайлау жарнасын азайту керек. Бұл – жаңа, жас саяси күштердің парламентке келуіне жол ашады. Олар көшеде осыны талап қылып тұр. Бұл бүгінгі күннің талабы.

Бүгін елімізде президент те, парламен те, тұрақты үкімет те жоқ. Біз уақытша үкіметпен өмір сүріп жатырмыз. Кезекті президенттік сайлауды 3 айдың, парламенттік сайлауды 60 күннің ішінде өткізу керек. Ал мен осы екі сайлауды біріктіріп, бір күнде өткізуді ұсынамын. Заң бұған рұқсат береді. Біз қаржы үнемдеп қана қоймай, заңды билік тармақтарының, саяси тұрақтылықтың тез орнауына қол жеткізер едік.

Бүгінгі уақыша үкіметтің негізгі міндеті – таза, әділ сайлау өткізу. Президенттің міндетін атқарушы премьер-министр президенттікке түсе алмайды. Бұл әділетті шектеу! Өйткені, ешкім өз статусын ашықтан-ашық пайдаланбауы керектігі Конституцияда жазылған.  Егер премьер-министрдің жан досы, жақын танысы сайлауға қатысса, сайлаудың әділетті өткеніне ел сене ме? Сондықтан Садыр Нұрғожаевич, сіздің жақындарыңыз сайлауға түспесе, алдыға қойған мақсатқа жетуге болады.

Жақында сіз Конституцияға қол қойып, ант бересіз. «Конституцияны, Қырғызстанның заңдарын қатаң сақтаймын», - дейсіз. Біздің көршілес 5 мемлекет бізге: «Қырғыздар, тыныштық болсын. Конституцияларыңды сақтаңдар. Заңда көрсетілген тәртіп бойынша билік органдарын түзіңдер», деді. Мұндай прецедент бұрын-соңды болмаған. Бүгін осы талапты Еуроодақ та қойып отыр. Демек, сайлау Конституцияда көрсетілген тәртіппен өтуі тиіс! Егер басқаша боп кетсе, онда тұрақтылық та болмайды.

ПРЕЗИДЕНТ ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТ САЙЛАУЛАРЫ ҚАШАН ӨТЕДІ?

Қырғызстан ОСК басшысы: Бабановтың Назарбаевпен кездесуінде заң бұзылды

Қырғызстандағы президент сайлауы 17 қаңтарда, парламент сайлауы 20 желтоқсанда өтуі мүмкін. Бұл туралы Қырғызстан ОСК төрағасы Нұржан Шайлдабекова айтыпты.

«Парламент сайлауы 20 желтоқсанда, президент сайлауы 2021 жылдың 17 қаңтарында өтуі мүмкін», - деген Шайлдабекова.

Айта кетейік, ресми мәліметтер бойынша 4 қазанда басталған жалпыхалықтық наразылықтар кезінде ұзын-ырғасы 1,2 мың адам зардап шегіп, 1 адам қайтыс болған.  Ал кеше президен Жэнбеков өз еркімен доғарысқа кететінін айтқан.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522