Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2421 0 пікір 15 Қаңтар, 2012 сағат 12:42

Дос Көшім: «Сайлау бюллетенінен «Барлық кандидаттарға қарсымын» деген графа алынып тасталған»

- Сайлаудың өту барысын қалай бағалайсыз?

- Таңертең сайлау учаскесіне барып, дауыс беріп қайттым. Дауыс беру белсенділігі төмен екені байқалады.

- Бұрынғы сайлаулармен салыстырғанда бақылаушылар жұмысы қандай деңгейде деп ойлайсыз?

- Өзім барған сайлау учаскесінің өзінде жеті-сегіз бақылаушы болды. Соған қарағанда, сайлауды бақылау, яғни, саяси-қоғамдық ұйымдардың сайлауды байқау, қадағалау белсенділігі артқан сияқты.

- Бұған дейінгі сайлауларда орын алған бір топ адамның барлық учаскелерге барып, дауыс беретін жағдайы бұл жолы да қайталана ма?

- Қазақстандағы сайлауларда бәрі де болуы мүмкін.

- Бақылаушыларға ықпал ете ме?

-Егер бақылаушы сайлау туралы заңды және заңдағы өз құқықтарын толық білмесе және дауыс беру кезінде орын алуы ықтимал қателіктерге бірден ескерту жасап, араласып отыратын батылдығы болмаса оған ықпал етеді. Сонымен бірге, сайлау учаскесі тарапынан болатын түскі асқа барып, сол аралықта болып жататын заңсыздықтарды байқамай қалуы бек мүмкін.

- ЕҚҰЫ-дан, ТМД-дан бақылаушылар келді. Бұлардың бағасы қандай болады деп ойлайсыз?

- ТМД бақылаушылары әрине, биліктің күткен «бәрі де жүз пайыз дұрыс өтті» деген бағасын береді. ЕҚҰЫ-да әдеттегідей «өрескел заң бұзушылық орын алған жоқ» деумен шектелетін болуы керек. Шынымды айтсам, аталған ұйымдар атынан сайлауға берілетін бағаның алғашқы сөйлемін жатқа білетін сияқтымын. Өйткені, осыған дейін болған сайлауларға берілген баға мен бұлардың ұстанымына әбден қанықпын.

- «Бюллетендерді бүлдіріп тастау, сайлауға бармhttp://old.abai.kz/node/add/pageай қою» деген сияқты пікірлер тарап жатыр. Бұған не дейсіз?

- Біз сайлау мәдениетін үйренгеніміз дұрыс. Сайлауға қатысу - әрбір адамның толыққанды қоғам мүшесі екенін әрі елдегі болып жатқан дүниелерге өзінің азаматтық көзқарасы барлығын айқындайтын нәрселердің бірі.

Бюллетендегі  «Барлық кандидаттарға қарсымын» деген графа алынып тасталған. Бұл графа бюллетенді тұруы маңызды деп есептеймін. Себебі, осы графа арқылы елдегі сайлаудың деңгейін, қоғамның ойын аңғаруға болады. Әрі сайлаудың қандай дәрежеде өткендігін де байқау болар еді.

- Әңгімеңізге рахмет!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434