Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2896 0 пікір 18 Қаңтар, 2012 сағат 04:21

Сабыр Адайға

Сабыр-ау, достым, бұған  не  дейсің?
Санада  сауал  сан  қилы.
Сарыарқа  беттің  сары  аязынан
Саясат  исі  аңқиды.
Далада  дүлей  дауыл  соғады,
Долданып  Каспий  толқиды.
«Құдайдың  ісі - мұнайдың  ісі...»
Қабағын  керіп  хан  түйді.
Қаланың  іші  қаптаған  сарбаз
Қимылы - қаурыт, қан  құйлы.
Каспийдің  ойы  каскіге  толған,
Жас  өлік  суда  қалқиды...
Жиырма  шаңырақ  жоқтау  айтқанда
Жабырқап  жүрек,  жан  қиды?
Маскісін  киіп  біртуар  нәндер
Малтасын  езіп,  тантиды.
Мастарды  сыбап,  жастарды  сынап,
Мінбеден  жұртын  тарпиды.
Мұнайлы  түбек  мұнарға  бөгіп,
Мұңлы  жел  бетті  шарпиды.
Тәуелсіз  елдің  тәубешіл  жұрты,
Төзімін  соңғы  сарқиды.
Шүкірлік  етіп  шет  қалғанына,
Шаттығын  тойлап  шалқиды.
(Ұлттық  арнадан  ұрлана  қарап,
Тыңдап  отырмыз  ән-күйді.)
Сабыр-ау, достым, сабыр етсеңші,
Сұм  көңіл  қайда  талпиды?..
Қараман  атаның  қарғысы  атты,
Қараулар  несін  паңқиды.
Бекет  әулие  бір  күңіреніп,
Бейіште  нұрға  балқиды...
"Абай-ақпарат"

Редакциядан:

Бұл өлеңнің авторы көрсетілмеген екен. Алайда, авторы белгілі болған бойда аты-жөнін көрсететін боламыз.

Сабыр-ау, достым, бұған  не  дейсің?
Санада  сауал  сан  қилы.
Сарыарқа  беттің  сары  аязынан
Саясат  исі  аңқиды.
Далада  дүлей  дауыл  соғады,
Долданып  Каспий  толқиды.
«Құдайдың  ісі - мұнайдың  ісі...»
Қабағын  керіп  хан  түйді.
Қаланың  іші  қаптаған  сарбаз
Қимылы - қаурыт, қан  құйлы.
Каспийдің  ойы  каскіге  толған,
Жас  өлік  суда  қалқиды...
Жиырма  шаңырақ  жоқтау  айтқанда
Жабырқап  жүрек,  жан  қиды?
Маскісін  киіп  біртуар  нәндер
Малтасын  езіп,  тантиды.
Мастарды  сыбап,  жастарды  сынап,
Мінбеден  жұртын  тарпиды.
Мұнайлы  түбек  мұнарға  бөгіп,
Мұңлы  жел  бетті  шарпиды.
Тәуелсіз  елдің  тәубешіл  жұрты,
Төзімін  соңғы  сарқиды.
Шүкірлік  етіп  шет  қалғанына,
Шаттығын  тойлап  шалқиды.
(Ұлттық  арнадан  ұрлана  қарап,
Тыңдап  отырмыз  ән-күйді.)
Сабыр-ау, достым, сабыр етсеңші,
Сұм  көңіл  қайда  талпиды?..
Қараман  атаның  қарғысы  атты,
Қараулар  несін  паңқиды.
Бекет  әулие  бір  күңіреніп,
Бейіште  нұрға  балқиды...
"Абай-ақпарат"

Редакциядан:

Бұл өлеңнің авторы көрсетілмеген екен. Алайда, авторы белгілі болған бойда аты-жөнін көрсететін боламыз.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5402