Азат Перуашев: «Ақ жол» партиясының Орталық кеңесі депутаттарды уақыттың талабына сай таңдады»
Бүгін Партия төрағасы Азат Перуашев Орталық Кеңестің «АҚ ЖОЛ» партиясының Парламент Мәжілісі депутаттарын қандай қағидаларға сәйкес таңдағанын түсіндірді.
«Жақын уақытта әлемдік экономикалық дағдарыстың кезекті толқыны күтіліп отырғаны белгілі. Оны, тіпті, Қазақстан алдағы екі-үш айда сезінуі мүмкін. Дәл осы себепті өткен шақырылымдағы Парламент депутаттардың өз бастамасымен таратылған болатын. Біздің партияның Орталық Кеңесі Парламентте отандық экономика мен кәсіпорындарды қорғаудың нақты іс-шараларын кәсіби түрде жасай алатын адамдарды таңдады. Олар, шағын және орта бизнесті қоса алғанда, өндірісшілер, экономистер, бизнестегі компания басшылары. Түйіндей айтқанда, «АҚ ЖОЛ» партиясының Орталық Кеңесі депутаттарды уақыт талабына сай таңдады. Алайда, Парламенттегі орын біреулер үшін «өмір бақи» бекітіліп қойылған деп ойлауға болмайды. Олар «АҚ ЖОЛ» партиясының еншісінде және партия Парламенттегі өкілдерін заңмен белгіленген тәртіп бойынша анықтайтын болады. Экономикалық дағдарыс қаупі сейіліп, бірінші кезекке әлеуметтік, ұлттық ой-сана, мәдениет пен тіл мәселелері шығып жатса, біз бұл сұраққа қайта ораламыз. Бұл менің ұсынысым болатын және Орталық Кеңес екі сағаттық талқылау мен пікірталастан соң басым дауыспен осы ұстанымды қолдады», - атап өтті А.Перуашев.

«Алаш» партиясының идеялары - либерализм, демократия, жеке адамның құқықтары мен бостандықтары, этностар мен діндердің теңдігі - «АҚ ЖОЛ» партиясының басым бағыты болып қала береді. Мұны біз партияның Сайлауалды тұғырнамасында да, нақты іс-шаралармен де көрсетіп келеміз.
«Біздің партия мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге әрдайым баса назар аударып келеді, алдағы уақытта да осылай болмақ. Осы тұрғыда партия бірқатар қадамдар жасап та жатыр. Мысалы, жақын арада «АҚ ЖОЛ» партиясының бөлімшелері әр қалада үлкендер үшін қазақ тілін үйрететін тегін жексенбілік мектептер ашатын болады. Сонымен қоса, «АҚ ЖОЛ» ұлтаралық, нәсілдік және діни араздықты қоздыруға бағытталған ұлтшылдыққа, экстремизм мен лаңкестікке үзілді-кесілді қарсы. Депутаттық орынға ұсынылған біздің барлық үміткерлеріміз ұлттық даму идеясының жақтастары және өз халқының патриоттары. Біздің партия саясаткерлердің жаңа буынына арқа сүйейді. Олардың бәрі жастар және көп ұзамай олар өз потенциалын дәлелдейтін болады», - деді «АҚ ЖОЛ» партиясының төрағасы.
Естеріңізге сала кетейік, кезектен тыс парламенттік сайлауда Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы 7,47 % дауыспен екінші орын алып, ҚР Парламентінің (Мәжіліс) төменгі палатасынан 8 орын иеленген болатын.
2012 жылғы 18 қаңтар Астана. «АҚ ЖОЛ» ҚДП Баспасөз қызметі