Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2921 0 пікір 2 Ақпан, 2012 сағат 11:31

Ғалым ТЫНЫБАЕВ. Әуезовтің үйінде болғанда

Қоңыр күздің жапырағын сабағынан үзген 1958 жылдың қараша айы еді. Алматыға Қытай еліндегі сайлау науқанының кесірінен кешігіп келдік.
Университетте оқу қыркүйектің 1-інде басталған. Мұрындарына су жетпей жанталасып, сабақта жүрген студенттер. Биыл филология факультетінің ІІ-ІІІ курстарына Мұхтар Әуе-зов «Туыстас әдебиеттер» және «Абайтанудан» лекция оқитын болыпты деген хабарды естіп, ерекше қуандық.
Келесі күні сабаққа келдік. Аудитория жастарға лық толған. Бір сәт есіктен жазушы Мұхтар Әуезов пен Темірғали Нұртазин кірді. Дүр етіп орындарымыздан тұрып қарсы алдық. Орта бойлы, толық келген, жазық маңдай Мұхаң бірден лекция оқуға кірісті. Мұхаңның сөзі майда, бидай өңі жайдары, кең тынысты жан екені нұр жүзінен білінген-дей. Тіпті ғұлама адамның жай ғана жымиғаны бізді өзіне тарта түсті.
Студенттер екі-үш күндей ұстаз лекциясын тыңдап, ғұламаға бауыр баса бердік. Оқыған лекциялары мәнді де мағыналы еді. Біз қызыға тыңдадық. Өз сөзін жазушы әуелде біраз бөгеліп, тоқырай сөйледі де, жүре келе жазыққа шыққан жорғадай жосылды...
Менің ойымды Кәрім Әкірамұлының Мұхаңа жіберген аманаты бүйірімнен түртіп мазалағандай. Төртінші сабақ күні болатын. Лекциясын аяқтаған жазушы деканатқа беттеді. Мен де ұстазыммен ілесіп бірге жүріп келемін. Деканатқа таяп қалғанда, өзімді батыл ұстап:

Қоңыр күздің жапырағын сабағынан үзген 1958 жылдың қараша айы еді. Алматыға Қытай еліндегі сайлау науқанының кесірінен кешігіп келдік.
Университетте оқу қыркүйектің 1-інде басталған. Мұрындарына су жетпей жанталасып, сабақта жүрген студенттер. Биыл филология факультетінің ІІ-ІІІ курстарына Мұхтар Әуе-зов «Туыстас әдебиеттер» және «Абайтанудан» лекция оқитын болыпты деген хабарды естіп, ерекше қуандық.
Келесі күні сабаққа келдік. Аудитория жастарға лық толған. Бір сәт есіктен жазушы Мұхтар Әуезов пен Темірғали Нұртазин кірді. Дүр етіп орындарымыздан тұрып қарсы алдық. Орта бойлы, толық келген, жазық маңдай Мұхаң бірден лекция оқуға кірісті. Мұхаңның сөзі майда, бидай өңі жайдары, кең тынысты жан екені нұр жүзінен білінген-дей. Тіпті ғұлама адамның жай ғана жымиғаны бізді өзіне тарта түсті.
Студенттер екі-үш күндей ұстаз лекциясын тыңдап, ғұламаға бауыр баса бердік. Оқыған лекциялары мәнді де мағыналы еді. Біз қызыға тыңдадық. Өз сөзін жазушы әуелде біраз бөгеліп, тоқырай сөйледі де, жүре келе жазыққа шыққан жорғадай жосылды...
Менің ойымды Кәрім Әкірамұлының Мұхаңа жіберген аманаты бүйірімнен түртіп мазалағандай. Төртінші сабақ күні болатын. Лекциясын аяқтаған жазушы деканатқа беттеді. Мен де ұстазыммен ілесіп бірге жүріп келемін. Деканатқа таяп қалғанда, өзімді батыл ұстап:
- Аға, менде Үрімжі қаласында тұратын Кәрім деген жазушының сізге жіберген аманаты бар еді. Соны қалай тапсырсам екен? - деп қиыла сұрадым.
Мұхаң сәл кідірді де, маған дөңгеленген қос жанарын төңкере қарап:
- Иә, ол кісіні білемін. Ол - Кәкітай ғой! Ширек ғасырдан соң тіл қатқан адам. Қалай, денсаулығы жақсы, мал-басы аман ба? Қытай тілін мықты білетін азамат! - деп маған үлкен бір мейіріммен қарағандай болды да:
- Сен сол, арғы беттен келдің бе? - деп сұрады.
Жүрегім тездете соқса да:
- Иә, аға, оқуға келіп едім, - деп ұяңдау жауап бергенде ұстазым кідіріп, бұрын араласып жүргендей жылы қарады да:
- Жексенбі күні сағат онда үйге келіңдер. Сонда әңгімелесерміз,- деп бөлмеге кіріп кетті.
Әуезовтің үйіне баратын болған қуанышымда шек жоқ. Таңның тезірек атуын күттім.
Келесі күні бәрімізден бойшаң, сырықтай Құрманбай Толыбаевты алға салып, төрт жігіт сағат онда Мұхтар Әуезов үйінің алдына келдік. Есік қоңырауын басуға батылымыз жетпей, біраз тұрдық.
- Сен бас, Уәли, сен бас! - деп саудаласып тұрғанда, есік қоңырауын Құрманбай басып қалды. Шылдыр ете түскен қоңыраудың әуенді үні біраз кідірген соң, үлкен қоңыр есік ашыла берді. Есікті Мұхаңның өзі ашқанына қатты қысылдық. Ұялғанымыздан жапа-тармағай:
- Ассалаумағалейкүм, ассалаумағалейкүм, аға, - деп сәлемдесе бастадық. Берген сәлемімізді:
- Уағалейкумассалам! - деп алған жазушы өрімдей жігіттерге қарап:
- Ал, жігіттер, төрлетіңдер, - деп бізге ықылас көрсетті. Құрманбай бойшаңдығына басып, төрлете берді. Сол бойда төрт қабырғасын кітаппен көмкерген үлкен кітапхана залына өттік. Алдыңғы қатарға келіп отырған Мұхаң Құрманбайдан бастап, бәрімізбен та-нысты да, тұғырдағы қырандай орнынан көтеріліп, ішкі бөлменің терезесін жапты. Орнына қайта жайғасқан соң қос жанардың қиығын бізге тастап:
- Оқуға келгендерің жақсы болған. Қазір нағыз оқитын шақтарың. Оқу керек! - деген ғұлама ұстаздық ықыласымен бізді желпіндіре түсті.
«Жылқы кісінескенше, адам түсініскенше», деген аталы сөз текке айтылмаса керек. Бағанадан үнсіз отырған жігіттер енді серпіліп сөзге араласты.
- Аға! Мына бір нәрсеге шамалы көңіл бөлсеңіз? - деді бір мезетте Уәли қолындағы жібек кілем оралған таяқты Мұқаш екеуі екі шетінен ұстап жазып.
- Мұха, мынау Кәкітай Әкірамұлының Сіздің 60 жасқа толуыңызға ескерткіш сыйлық ретінде жіберген аманаты еді.
Кілемге таяп келген Мұхаң ондағы Шанхай қаласының көркін тамашалай:
- Қытай халқы осындай қолөнер шеберлігімен дара халық. Қандай ғажап көрініс! Егер шебер суретші болса, біздің Алматы мен Алатауды да осындай керім етіп шығаруға болады ғой! - деп, өз ойын тебірене айтқан ол қала үстіндегі көк аспан сілеміне араб әрпі-мен қызыл жібекпен кестеленген «Қазақ әдебиетінің даңқы болған - Мұхтар Омарханұлына! Кәкітай Әкірамұлынан! 15 қараша, 1958 жыл, Үрімжі қаласы» деген жазуды сыдыртып оқып шықты да бізге қарап:
- Жазуды шебер кестелеген екен! - деп оң қолын үстел астына жүгіртті. Біз кітап алар деп ойлап едік, олай болмады. Ағамыз жоғарғы бөлмеге қоңырау соғып, біреулерді шақырса керек.
Сәлден соң есіктен, үстінде көзге көрікті гүлді жабыншасы бар апай кірді. Бәріміз орындарымыздан тұрып амандастық. Біздерге аналық мейіріммен қарап амандасқан әйел жазушыға жақындай берді де:
- Мұхтар Омарханович, бұлар сіздің студенттеріңіз бе? - деген ойын сыбырлай айтты. Мұхаң басын изеп:
- Қытайдан келіп оқып жүрген жастар! - деп әлгі апамызға қарап күлімдей сөйлеген ағамыз бізге бұрылып:
- Жігіттер, бұл кісі осы үйдегі тәтелерің - Валентина Николаевна болады, - деп апайды таныстырды да, үстел үстінде жатқан кілемді жазып Валентина Николаевнаға көрсете берді.
Кілемді бір шетінен ұстаған апамыз қатты таңырқап қос жанарын бізге төңкеріп:
- Қандай көркем жасаған! Суретін қандай әдемі түсірген! - деді. Ұстазымыз сол арада дереу орысша түсіндіріп жатты. Кілем көркіне қызыға қараған Валентина Николаевна бәрімізге, арыстан әз ағаға тарту-сияпат аттандырған Кәкітайға рахмет айтты да, жоғарыға көтеріліп кетті.
Мұхаң аз толғаныстан соң:
- Қалай, жігіттер, зеріктіңдер ме? - деп жымиды. Бағанағыдай емес, батылдыққа ауысқан Құрманбай:
- Жоқ, аға! Жақсы әңгіме адамды зеріктіре ме? - деп өзінің ықыласпен тыңдағанын аңғартты.
Осы сәт орнынан көтеріліп, жүре сөйлеген ұстазымыз:
- Әңгімені көңіл қойып тыңдай білген де үлкен естілікке жатады, - деп бір қойды. - Мен сендер біледі-ау деген үмітпен мына бір жайды сұрағым келеді. Біздің бала кезімізде, үлкен кісілер дүниеден өткенде айтылатын сыңсыма-жоқтау болушы еді. Кейін үні өшіп, айтылмайтын болды. Сол жыр арғы беттегі ағайындар арасында бар ма?
Әңгімеге қаршығадай қанатын жая араласқан Уәли Бекенов:
- Аға, сіз сұраған сыңсыма біздің ауылда жиі айтылады. Елде аты шыққан үлкендер қайтыс болса, сол адамды жөнелткенде қырқында, жылында ауыл әйелдері көпке мұң шағып, дауыс айтып жоқтайды, - деп аптыға сөйледі. Сөйтті де өзі көрген-білген жәйтті жақсылап айтып берді.
- Уәли, сөзіңе қарағанда жоқтау дәстүрі өзгермепті-ау. Сенің айтуыңа бақсам, сол баяғы қалпында екен. Ал домбырада осы сыңсыманың әуенін тартуға қалайсың? Апаларымыз бен аналарымызды бір еске алайық, - деп толқи сөйлеген Мұхаң орнына отырды. Осы сәт ұстазына күлімдей қараған Уәли Мұхаңның қоңыр домбырасын қолына алып, құлақ күйін келтіре бастады.
- Ал, аға, мен білгенімше тартып көрейін,- деп балақұстай талпынып, домбыраны қолтығына қыса түскен Уәли сыңсыманы бірден домбыра сағасынан бастады. Ол астыңғы бір сағадағы ішекті сұқ саусағымен дірілдете шертті. Боздаған домбыра сазы, әуелде алыстан үзіліп шыққандай естілді де, зарлы үн барған сайын көтеріліп, жақындай берді. Бір ішектің қоңыр шанақтан шыққан үні - жас ана зарлап тұрғандай зарлы шық-қанына жазушы таңдана берді. Талай күйшілерді тыңдаған Мұхаң, мынадай сұқ саусақпен домбыраны дірілдетіп тартқанды көргені осы екен. Бұл шебер домбырашыға тән қасиет қой деп ойлады ол.
Ұзақ тартылған зарлы жоқтаудың ащы үні мұңы бітпеген ана дауысына ұқсап, баяулап үзіле берді. Бағанадан үлкен толғаныс иірімінде отырған ұстазға байыппен қараған күйші:
- Міне, аға! Сыңсыма осындай сарында боздап кете барады, - деп жоқтау үнін саябырлатқанын аңғарта сөйледі. Бағанадан кішкентай шынашағын тістеп, ойға батқан Мұхаң сыңсыманың аяқталғанын біліп орнынан тез көтерілді де күйшіге таяп келіп:
- Ой, дүние-ай! Бітіп қалды ма? Шіркін, осы зарды тыңдап өскен бабаларымыз да өтті ғой бұл дүниеден! Қандай ғажап жыр! Жүректі шалып, өзекті өртейтін отты зар! Иә, өз әнінде, сол сарында жақсы сақталыпты! Бұл сыңсыма Моцарттың «Реквиемінен» әлдеқайда жоғары жатқан жыр ғой! Нағыз ашынған ел зары. Шіркін, нотаға түсіріп, оркестрмен ойнаса, Қаратаудың басындағы азалы көшке ілескен бүкіл қазақ аналары боздағандай естілер еді-ау! Бұл жөнінде Ахмет Жұбановқа қолқа салармыз. Он саусағың талмасын, бауырым! - деп өз сөзін толқи айтқан ғұлама, күйші жігіттің қолын қысты.
Сыңсыма туралы ойлана түскен жазушы өмір бұралаңдары жөнінде көп ойланып, отырғандармен сыр бөлісті. Сондағы ол кісіні толғандырған жәйт төмендегі тақырып еді.
...Халқымыз сонау 1916 және 1932, 1937-жылдары басына төнген қара бұлттан қаймығып, шетке ауғаны бәрімізге аян. Сол сұрапыл жылдары атақонысынан қанша аяулы азамат, қол үзіп, тентіреп кетті. Менің есімде ерекше сақталған сондай боздақтардың бірі - Зият Шәкәрімұлы.
Зият орысша білім алған талантты музыкант болатын. Ол әкесі Шәкәрім қажының өліміне куә болып, жаны түршігіп, күңіренген азамат. Қара ниеттілерден безініп, басқа елде торғайдай тозған жан!
Шәуешек, Алтай және Үрімжіде болған жиырманың ішіндегі Зияттың ерекше талант иесі екенін таныған бай-манаптар ауылдарына ұстаздыққа шақырған, бірақ бейтаныс елге бар-ғысы келмеген.
Зият, 1930 жылдары Шәуешекте «Шұғаның белгісі», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» пьесаларын киіз үй сахнасында қойып, туған жерге деген сағыныштары сарғайтқан жұртты жұбатқан азамат. Оның ауылда жылқы бағып жүргенде шығарған әндерін біз жиі айтушы едік. Әсіресе, «Сырғалы жеңгей», «Бекзатым», «Шилі өзен» әндері есімде. Амал не, азамат жер ауып, надандар жаласынан түрмеге түсті. Оның жүрегінде ел-жұртына, достарына деген ыстық махаббат кетті. Көп әндері өзімен бірге жолаушылап, тайғақ жердің тасасында қалды.
1956 жылы, Алматыға келген Дәнеш Рақышев, Зияттың біраз әнін айтты. Асыл азамат шетте жүріп, елін, жерін, достарын сағынып, кеудесін керіп, өзегін өртеген, жүрек сезімін әнмен кестелеген.
Махаббат тақырыбында көптеген әндер шығарған. Бірақ, көбісі айтушы аузында, тырнағанның тырнағында кеткен. Дәнештің білетіндері - «Көзіңнің мөлдірін-ай!», «Анашым», «Екеуім-ай!», «Сарбидай» әндері болатын. Айтқандарын тыңдадық, қазақы қоңыр үнге толған тамаша ән екеніне көзіміз жеткен.
- Ел қадірлеген осындай азаматтың сүйегінің қайда қалғаны да белгісіз! Қандай қатыгез, надан өмір еді! Мынандай елі, жері бар азаматқа сол жерден бір төмпешік бұйырмауы қандай өкінішті!..
Осы сөздерді айтқанда жазушы жанарына жас үйіріле берді...
- Келесі жылы Италияға - Спартак еліне барамын. Амандық болса, алдағы жылы сол Шыңжаң қазақтарын аралап, Зият Шәкәрімұлы мен Мәрсеков Ыбырайымжанның жүрген жерлерін көріп, қайда қалғанынан бір дерек білгім келеді.
Өздерің домбырада тартқан сыңсыма жырын көзбен көріп, құлақпен тағы тыңдасам деген арман бар. Оның сыртында балам Мұрат Москвада қытай тілін оқиды ғой. Сол жігітті ерте барып, Кәкітай Әкірамұлына қытай тілін үйретуді тапсырмақпын.
Сонда бірталай істің беті ашылып, тозған елдің өмірін көріп, одан көп нәрселер үйреніп, дәптерге түсіріп те қайтар едім. Бұл алдағы күндердің ісі. Алла жол берсе, арғы бетке ауған елді аралауға барамын, - деген ойын ұлы жазушы үлкен сеніммен айтқан еді!
Амал қанша, ол арманына жете алмады, ғұмыры қысқа болды...
Ғалым ТЫНЫБАЕВ, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.
Алматы.
«Егемен Қазақстан» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377