Сенбі, 28 Қыркүйек 2024
46 - сөз 3670 8 пікір 21 Желтоқсан, 2020 сағат 14:25

АҚШ-тың жаңа милитаристтік миссиясы басталды

Жаһандық геосаяси үшбұрыш - АҚШ, Қытай, Түркия

АҚШ суық соғыстың ең соңғы модернизациядан өткен U-2 Dragon Lady бомбардировщигін эксплуатацияға шығарды. Пентагона біраз бұрын U-2 стратегиялық беспилотнигін RQ-4 Global Hawk жобасымен алмастыра отырып, осы жаңа бомбалаушы, ұшқышсыз соғыс техникасын жасап шықты. Бұл суық соғыс қаруларының негізі 1980-1990 жж аралығында қаланып қойған екен. Қазір оларды заманауи модернизацияланған модельдерін таныстырып отыр. Lockheed Martin бағдарламасының директоры Ирен Хелли Пентагонның жаңа мүмкіндіктер мен жаңа платформаға көшкенін мәлімдеді.

U-2 Dragon Lady бомбардировщигі 22 км биіктікте 17 мың сағат көкте жұмыс жасауға қабілетті екен. Бұл Түркияның Байрактарынан да күшті деген сөз.

Dragon Lady -дің заманауи моделінің борттық радиоэлектрондық жабдығының орталық процессорына жаңарту жұмыстары жасалған. Себебі оның алдыңғы құрылғысы 1994 жылы орнатылғандықтан, қайта жаңартуға тура келген. Ұшқышсыз жаңа бомбардировшик ВВС стандартының "Жаңа миссия" бастамасы бойынша іске кіріскелі отыр. Ол жердегі терминалдармен, спутниктермен басқарылады.

Түркияның соңғы соғыс қаруларының қарқынынан, Қытайдың Жасанды интеллекті технологиясының жаңа эрасынан кейін, АҚШ өзінің айбынын көрсетуді жөн санапты.

Мынау мегагиганттарға қарасам, мені қазақтың болашағы қатты ойландырады. Алдағы уақытты біз не істер екенбіз қазақ баласы... Нұротанмен 30 жыл тағы алысып өтеміз бе... Өте ауыр әрі жауабы қиын сұрақ...

Бекболат Қаржанның жазбасы

Abai.kz

8 пікір