Сенбі, 23 Қараша 2024
Ғылым-білім 4001 14 пікір 29 Желтоқсан, 2020 сағат 13:31

Сенатор Білім министрлігін екіге бөлуді ұсынды

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы Білім және ғылым министрлігін екі түрлі ведомствоға бөлуді ұсынды. 

Депутаттың пікірінше, Білім және ғылым министрлігіне көп жұмыс жүктелген.

«Білім және ғылым министрлігі балабақшадан бастап жоғары оқу орнынан кейінгі білімге дейінгі үздіксіз білім беру жүйесінің барлық мәселесімен айналысады. Бұл өте үлкен жүктеме. Бұл мәселе ел халқының жартысын қамтиды. Мұндай жүктеме басқа министрлікте жоқ. Сондықтан, менің ойымша, Білім және ғылым министрлігінің базасында екі министрлік құратын кез келді: Штат санын көбейтпей, Білім министрлігі мен Жоғары білім және ғылым министрлігі деп бөлген жөн», - деді Мұрат Бақтиярұлы Сенат отырысында.

Сонымен қатар, депутат әлемнің көптеген елдері мектеп оқушылары мен студенттерді дәстүрлі форматта оқытып жатқанын айтты.

«Байқоңыр қаласында жеті орыс мектебінің барлық сынып оқушылары дәстүрлі түрде оқиды, ал қазақстандық мектеп оқушылары қашықтан оқиды. Мұны қалай түсінуге болады? Екі семестр бойы білім алмаған балалар үшін оны қалпына келтіру қиынға соғатыны анық, әсіресе ауыл мектептерінде. Тіпті білім сапасы бірнеше жылға кешеуілдеуі мүмкін. Сондықтан еліміздің барлық ауылдары мен аймақтарындағы оқушылар дәстүрлі білім беру жүйесіне қайта көшуі қажет», - деді депутат.

Ол сонымен қатар университет ректорлары үшін нақты өкілеттік мерзімін белгілеуді ұсынды.

«Елде ондаған жылдар бойы ректор болып жұмыс істейтін адамдар бар. Менің ойымша, бұл нарықтық дәуірде дұрыс емес. Біз университетте ректорлар екі мерзімнен артық ректор бола алмайтындай етіп, кем дегенде төрт жылға тағайындалады деген қағиданы енгізуіміз керек», - деп қосты сенатор.

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347