Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3706 0 пікір 30 Желтоқсан, 2020 сағат 16:56

Депутаттыққа үміткер ауыл имамынан бата алды

Түркістан облысы Келес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Шаулиев Нұржан Бүрлібайұлы Ошақты ауылдық округінде​ "Есіктен-есіке" акциясын өткізді.

Акция барысында үміткер тұрғындарды мазалайтын мәселелер, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың​ 7 басым бағыттары, атап айқында:

1.​ ​Экономикалық тұрақты аудан;
2.​ ​Ыңғайлы аудан;
3.​​ Әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан;
4.​​ Жастарға арналған аудан;
5.​​ Тарих пен мәдениетті дамыту;
6.​​ Ашық және есеп беретін жергілікті органдар;
7.​​ Қауіпсіз аудан.

Басты мақсатымыз – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау

Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салу партияның алға қойған мақсаты екендігін жеткізді.

Бағдарламаның халық үшін тиімді экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

Үміткер тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, ​ ауыл имамының ақ батасын алып қайтты.

Ескерту: Материалдың ақысы «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Келес аудандық филиалының сайлау қорынан төленді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969