Жұма, 22 Қараша 2024
3935 0 пікір 1 Ақпан, 2021 сағат 11:50

Өзбекстан азаматы үкіметтен 8,5 мың доллар өтемақы алды

Өзбекстанның Қашқадария облысының 35 жастағы тұрғыны Элёр Турсунов заңсыз сотталып, түрмеге отырып шыққаны үшін материалдық және моральдық шығын ретінде мемлекеттен 91 208 182 сум (8 650 доллар) көлемінде өтемақы алды.

"Жаслык" түрмесінде 6 жыл 11 ай отырып шыққан Турсунов мемлекеттен өтемақы ретінде 20 мың доллар төлеп беруді талап еткен.

2013 жылдың желтоқсанында Қашқадария облыстық соты Турсуновты 17 жылға еркінен ажыратқан. Ол "Конституция құрылымына қол салды", "Терроризм", "Қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін материалдарды тарату" және "Шекарадан заңсыз өту" баптары бойынша кінәлі деп табылған.

2018 жылы наурызда Элёр Турсунов ақталып, бостандыққа шыққан. Ол 2013 жылдың 4 желтоқсанынан 2018 жылдың 18 наурызына дейін 6 жыл, 11 ай және 10 күн "Жаслык" түрмесінде заңсыз отырған.

2019 жылдың тамызында президент Шавкат Мирзияев "Жаслык" түрмесін жабу туралы жарлыққа қол қойған.

Мирзияев билікке келгеннен бері Өзбекстанда 50-ден астам бұрынғы лауазымды қызметте істеген адамдарды еркіндікке шығарды. Олардың арасында марқұм президент Ислам Каримов тұсында сотталған саяси оппозиция белсенділері, журналистер және құқық қорғаушылар бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320