Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
6964 1 пікір 3 Ақпан, 2021 сағат 11:34

Жээнбеков Қырғызстаннан кетті

Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбеков отбасымен бірге Қырғызстаннан кетті. Бұл ақпаратты оның баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева да растады.

Хабарламаға сәйкес, ол Манас әуежайы арқылы Түркияның Стамбул қаласына ұшып кеткен.

«Экс-президент содан ары Джиддаға (Сауд Арабиясы) кіші қажылыққа барады. Ол бүгін таңертең әйелі екеуі ұшып кетті», - деді Стамалиева.

Жээнбеков бұл сапарды 2020 жылдың қараша айында жоспарлаған. Алайда, пандемияға байланысты Меккеге барушыларға шектеулер енгізілген және осы сапардың рәсіміне сәйкес ресми мақұлдау қажет болған. Келісім 2021 жылдың ақпан айының басында жасалды.

Стамалиева кіші қажылық 10 күннен астам уақытқа созылатынын, содан кейін Жээнбеков Бішкекке оралатынын айтқан.

Ақпаратқа сәйкес, Жээнбеков ол жерден Сауд Арабиясы тарапының келісімімен кеткен.

Баспасөз хатшысы Сооронбай Жээнбековтің қоры Сауд Арабиясы Корольдігінің Қырғыз Республикасындағы елшілігіне пандемия жағдайында сапардың рәсімдерін үйлестіргені үшін алғыс білдіретінін айтқан.

Abai.kz

1 пікір