Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
4010 1 пікір 3 Ақпан, 2021 сағат 11:56

Экс-депутат экология министрлігіне ауысты

Шавхат Өтемісов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды.

«ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Шавхат Әнесұлы Өтемісов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды» ,- делінген хабарламада.

Шавхат Өтемісов 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1985 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын, 2000 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1985 жылы Орал облысы Чапаев ауылындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастады.

2007-2011 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісінің IV шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.

2012-2016 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы.

2016-2021 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.

Abai.kz

1 пікір