Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Байқау! 2856 0 пікір 8 Ақпан, 2021 сағат 13:25

«Монодрама» байқауына пьесалар қабылдау жалғасуда

М. Әуезов атындағы Қазақ  Ұлттық драма театры Республикалық «МОНОДРАМА» байқауына пьесалар қабылдауды жалғастыруда. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлайды.

1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

- қазақстандық авторларды қолдау;

- театр репертуарын жаңа туындылармен толықтыру;

- жаңа көркемдік кеңістіктердің игерілуіне жол ашып, драматургияда           жаңа есімдердің пайда болуына және олардың кәсіби өсуіне мүмкіндік   тудыру.

2. Байқауды өткізу мерзімі:

-  пьесалар 2020 жылдың 1 қыркүйегінен 2021 жылдың 15 наурызына дейін  қабылданады;

- байқау нәтижесі 2021 жылдың 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай  жарияланады.

3. Байқаудың өткізілу тәртібі:

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- үздік тарихи монодрама;

- үздік заманауи монодрама;

- үздік инсценировкалық монодрама.

*   *   *

- байқауға республика азаматтары және шетелдегі қандастарымыз қатыса алады;

- байқауға қазіргі  театр талабына  сай жазылған, бұрын қойылмаған, жарияланбаған, өзге байқауларға қатыспаған жаңа монодрамалар, моноинсценировкалар  (автор туралы мәліметтермен және автор суретімен қоса) жолдануы шарт;

- авторлар бірнеше номинацияға қатыса алады, номинацияда көрсетілген әрбір жанрға бір шығарма ғана ұсынылады;

- байқауға ұсынылатын пьесалар компьютерлік 20 беттен аспауы тиіс (шрифт Times NewRoman-14);

- монодрама, моноинсценировкалар teatr_auezov@bk.ru электронды поштасына МОНОДРАМА БАЙҚАУЫНА деген тақырыппен жолдануы шарт;

- байқауға түскен шығармаларды кәсіби мамандардан тұратын  Сарапшылар кеңесі сараптайды.

4. Байқау қорытындылары бойынша:

- үздік деп танылған бір монопьеса не моноинсценировка театр репертуарына алынып, сахналанады;

- көркемдік тұрғыдан сараптан өткен бірнеше туынды көрермендер назарына телеспектакль түрінде ұсынылады;

- сонымен қатар сәтті деп танылған кей монопьесаларды режиссерлік, актерлік лабораторияларда оқу, сондай-ақ жеке жұмыстар түрінде қою ұйымдастырылады.

Ескерту: Театрдың пьесаны сахналау (түсірім жасау) барысында редакциялау, өзгеріске ұшырату (автор келісімімен) құқығы бар.

Анықтама үшін: 8 (7273) 78-54-00 Қабылдау бөлмесі.

Abai.kz

0 пікір