Сейсенбі, 29 Қазан 2024
14998 7 пікір 9 Ақпан, 2021 сағат 15:09

Еуропаның үш мемлекеті Ресей елшілерін елден қуып шықты

Германия, Швеция мен Польша мемлекеттері бір күнде Ресейдің үш бірдей елшісін елден шығарып жіберді. Мұндай лауазымды тұлғаға нон грата персонасы, яғни, сенімсіз лауазым иесі деген «атақ» берілді.

Бұл жайлы ведомства өкілдері Twitter-де жазды.

Ал Ресейдің Сыртқы істер министрі Мария Захарова еуропа елдерінің бұл ісін «негізсіз», «достыққа жат» деп бағалады.

«Мұны біз мемлекеттік ішкі ісіне араласу деп білеміз», - деп мәлімдеді Захарова.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Ресей билігі аталмыш үш елдің елшісін бірінші боп шығарып жіберген. Бұған Германия Ресейге санкция салатынын мәлімдеген, неміс елшісін елден шығарып жіберсе, швед елшісін митинг боп жатқан алаңға келді деп айыптап елден қуып шыққан.

Дереккөз: bugin.kz

Abai.kz

7 пікір