Сейсенбі, 29 Қазан 2024
3231 3 пікір 15 Ақпан, 2021 сағат 16:26

Байқоңырдан тағы да Ресей зымыраны ұшты

Бүгін Байқоңырдан тағы да Ресей зымыраны ұшты. Дәлірек айтсақ, «Союз-2.1а» дейтін зымыран тасығыш «Прогресс МС-16»  ғарыш кемесін жүгімен алып ұшты.

Ол Байқоңырдағы №31 айлақта орналасқан №6 ұшу қондырғысынан ұшқан. «Роскосмостың» ақпаратынша, «Прогресс МС-16» жүк тасығыш зымыраны Халықаралық ғарыш станциясына екі тәулікте жетіп, ондағы «Пирс» деп аталатын Ресейлік модульге 17 ақпанда барып тіркелуі керек.

Жүк тасығыш Ресейлік зымыран ХҒС-на 2,5 тонна жүк жеткізбек. Соның ішінде, 600 киллограм жанармай, 420 литр ауыз су, 40,5 кг қосымша азоты бар сығылған газ, 1,5 мың кг құрал-жабдықтар мен материалдар, ондағы (ХҒС-дағы) экипаж үшін жөндеу жұмыстарына арналған жиынтық, «Звезда» деп аталатын қызметтік модулдегі шытынаған жерлерді бекілуге арналған герметикалық-желімдік жабдықтар т.б. жеткізбек.

Айта кетейік, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты келісімдер бойынша, Байқоңыр ғарыш айлағын Ресейлік «Роскосмос» агенттігі 2050 жылға дейін жалға алып пайдаланады.

Abai.kz

3 пікір