Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2853 0 пікір 26 Наурыз, 2012 сағат 07:32

Кувейт: қазақ әнұраны емес, «Бораттың» «әні» орындалды

Қазақ әнұранына байланысты тағы да бір масқара болды.

«Әл-Баваба» ақпарат агенттігі таратып, өзгеде дерек көздері жарыса жариялап жатқан әңгіменің ұзын ырғасына сүйенсек, шейх Сабах әл-Ахмад әл-Сабаханың пәрменімен Кувейтте өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатының қарсаңындағы турнирде Қазақстан Республикасының әнұранының орнына сайқымазақ Саша Коэннің «Борат» фильміндегі «әнұран» орындалып кеткен көрінеді. Жаңсақтыққа жол берген ұйымдастырушы тарап Қазақстан құрама командасының алдында «әнұранды» интернеттен көшіріп алғандарын айтып ақталуда. Алайда, спорт және дене тәрбиесі жөніндегі Қазақстан Республикасы Штаттағы ұлттык командалар дирекциясы Агенттігі Халықаралық нысана көздеу турнирінің Ұйымдастыру комитетіне наразылық нотасын жолдады.

Саша Барон Коэн деген сапалақтың кім екені қазақ жұртына мәлім болса керек. Сондықтан ол турасында тәпіштеп жазып жатудың басы артық. Әншейінгі әзілден әріге кетіп, лас, былапыт дүниенің бәрін қазақ халқына жапқан ол 2006 жылы «комедиядағы үздік ер адам» номинациясы бойынша «Алтын глобус» иегері атанған еді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369