Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Аймақ 23907 0 пікір 23 Ақпан, 2021 сағат 15:57

90 мың «Спутник V» вакцинасы аймақтарға жөнелтіледі

Таяу күндері тұрғындарға Қарағанды фармацевтикалық кешенінде өндірілген COVID-19 вирусына қарсы "Спутник V" вакцинасы егіле бастайды. Осылай деп дәрі-дәрмек тарататын бірыңғай дистрибьютор "СК-Фармация" баспасөз хатшысы Серік Мұқашев хабарлады.

Оның сөзінше, 23 ақпанда жұмыс сапарымен Қазақстанның вице-премьері Ералы Тоғжанов келеді. Оның қатысуымен вакцинаны жүкке тиейді.

"Ертең аймақтарға жіберуге дайындық басталады. Барлығы 90 мың дана. Бұл Қазақстанда өндірілген бірінші вакцина. "СК-Фармацияның" төрт хабы - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларына жеткізіледі. Ол жақтан басқа аймақтарға жіберіледі", - деді Серік Мұқашев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 495
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2230
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 1897
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1039