Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3611 0 пікір 30 Наурыз, 2012 сағат 06:23

Үндеу: Бұралқы әріптерден бас тартайық!

Құрметті халайық!

Біздер, алаштың бүгінгі жас ұрпағы ретінде еліміз егемен болған кезеңде қалыптастық. Одан әрі елімізді тек қана тәуелсіз мемлекет ретінде көргіміз келеді және өзіміз де сол егемен елге лайық азамат болып өркендегіміз бар. Осы жолда Ана тіліміздің айналасындағы мәселелерге бұдан былай азаматтық тұрғыдан өз дауысымызды, ұстанымымызды білдірумен бірге, алған бағытымыз бойынша бастама көтеруді егемен елдің жастарына лайық іс деп ойлаймыз.

Біз сауат пен білім заманындағы адамдармыз. Сол сауат пен білімді өз тілімізде меңгергіміз келеді. Алайда, Ана тілімізде жазу мүмкіндігі мен оны үйрету бүгінгі ұстаздарға да, балғын ұрпаққа да аса ауыр. Біз өз балаларымыздың өз тілімізге зорлықпен, қисынсыз кіріккен бұралқы әріптерді оқып, тілдерін бұрағанын, қарапайым тіл заңдарын күрделендіретін жағдайды бастан кешулерін қаламаймыз. Өзіміз де осы күні сол ахуалды бастан кешіп ығыр болған жандармыз.

Өкінішке орай, Қазақ әліпбиіне өзіне тән емес әріптерді енгізу үдерісі Кеңес өкіметі тұсында орын алған болса да, сол жағдай әлі жалғасып келеді. Бұл егемен елдің руханиятына ешбір жараспайтын саясат! Тілімізді бұрмалап отырған бұралқы әріптерден бас тартқымыз келеді. Тілімізді тәуелді сипатынан арылтуды талап етеміз! Бұл тарапта жалғасып отырған әрекетсіздік пен шарасыздықты айыптаймыз!

Құрметті журналистер мен блоггерлер!

Ең болмаса еркін ақпарат алаңы болып табылатын электрондық кеңістікте қазақ тіліне зорлықпен кіргізілген басы артық орыс әріптерінен бас тартуды ойластырайық. Өз сайттарымыз бен блогтарымызға таза қазақ әріптерімен ақпарат таралуын қолға алайық. Ана тіліміздің таза үні үшін, оның бейнесі үшін күресейік.

Лингвистер мен тілгер ғалымдар, қол ұшын беріңіздер!

Программист мамандар!

Электрондық кеңістіктегі қазақ тілінің орынсыз орыс әріптерімен таңбалануын болдырмайтын программалық қамтымалар әзірлеуді қолға алайық!

Құрметпен,

астаналық студенттер мен магистранттар, жоғарғы сынып оқушылары.

«Ел»  альянсы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5301