Сенбі, 23 Қараша 2024
6247 6 пікір 3 Наурыз, 2021 сағат 15:49

Қос азаматтығы бар Почивалов қызметінен босатылды

Ресей азаматы болып шыққан шымкенттік шенеунік Олег Почивалов қызметінен босатылды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты жазды. 

Сайт мәліметінше, «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» заңының 61-бабы, 1-тармағының 10-1 тармақшасына сәйкес және Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Олег Почивалов жұмысынан босатылған.

«Шымкент дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Владимирович Почивалов шет мемлекет азаматтығының болуына байланысты 2021 жылғы 25 ақпанынан бастап жұмысынан босатылсын» делінген өкімде.

Бұған дейін, Почивалов бұған дейін өзінің Қазақстан азаматы екенін айтып, қалалық Полиция департаментінің үстінен сотқа шағым түсірген болатын. Алайда Әл-Фараби аудандық соты Олег Владимировичтің шағымын қанағаттандырмады. Ал, аталған мәселе жөнінде Abai.kz сайтында «Шымкенттік шенеуніктің Ресей азаматы екені дәлелденді» деген мақала жарияланған.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауында «егер мемлекеттік қызметші немесе квазимемлекеттік мекеменің басшысы қос азаматтық алса, олар қызметінен босатылады»,- деп мәлімдеген еді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366