Сенбі, 23 Қараша 2024
Арылу 3960 20 пікір 9 Наурыз, 2021 сағат 12:14

Сталинді жерлеу: Тиранмен бірге өлгендер

1953-жылы 5 наурызда адамзат тарихындағы ең қанқұйлы диктатордың бірі Иосиф Сталин өмірден өтті. КСРО басшысының өлімі кеңес халқы үшін күтпеген жағдай болды. Мыңдаған адам қайғырып, оның бар зұлымдығын ескерместен еңселері езілді. Сталинді жерлеу рәсімі 9 наурызға белгіленді.

9 наурыз күні Сталинмен бірге жүздеген адам о дүниеге аттанды. Алайда ол жайлы КСРО тарағанша айтылған емес, бұл жабық тақырыптардың бірі болды.

Сталин 5 наурыз күні, сағат 21:50-де өмірден өтті. Халыққа Сталиннің өлімі жайлы 6 наурыз күні, таңғы сағат 06:00-де диктор Юрий Левитан хабарлады.

Сталинмен билік және халық қоштасуы үшін, оның мүрдесі Кеңестер үйінің үлкен залына апарылды. 8 наурызға дейін тек қана мемлекет қызметкерлері, әскерилер мен жоғары лауазым иелері, шетелдік делегация мүшелері ғана Сталиннің мүрдесін көруге мүмкіндік алды.

Бұл уақытқа дейін КСРО көсемімен қоштасуға ниетті халықтың саны миллиондап саналды. 8 наурыз күні халық ұзынсонар кезекке тұрды. Кей деректер бойынша халықтың саны екі миллионнан асқан. Түс ауа Сталинді көруге қарапайым халықты да кіргізе бастады. Бұл ақпарат жергілікті тұрғындар арасында лезде тарап, кешке жиналған халықтың саны тіпті артты. Жүз мыңдаған халық Мәскеудің орталық алаңына ағылды. Әскерилер жолды қоршап тұрғанымен, халықты кіргізуді жалғастыра берді. Орталық алаң миллиондаған адамға арналмаған болатын. Арнайы сызылған бағыт арқылы жүрген көпшілік бір-бірін мыжып, таптап тастады. Қысым пайда болып, ауа жетпей жүздеген адам көз жұмды. Ресми дерек бойынша сол күні Мәскеуде 450 адам көз жұмған. Ал бейресми дереккөздер қайтыс болғандардың саны 2 мыңнан асады дейді. Ресми тұрғыдан көз жұмғандардың барлығын жүрек талмасы, оқыс оқиғадан көз жұмды деп көрсетті.

Сталиннің жерлеуінде көптеген адамның қаза тапқаны ұзақ жылдар бойы айтылмады. Бұл Ресей империясындағы Ходын алаңындағы қайғылы оқиға іспетті жабық тақырыптың бірі болды.

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383