Қаулы шықты: Алматыда "Наурыз" тойланбайды

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитары Жандарбек Бекшин қаладағы коронавирустың таралу қарқынының артуына сәйкес жаңа қаулы шығарды. Қаулы бойынша қалада "Наурыз" мерекесі тойланбайтын болды. Қаулыда "Наурызға" қатысты келесідей шешім шығарылған:
– Ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шаралары (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталады.
– «Наурызды» және басқа да мерекелік корпоративтерді жаппай мерекелеуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады; 2021 жылғы 20-24 наурыз аралығында қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) Алматы қаласына кіруін (қозғалысын) тоқтата тұру керек.
Abai.kz