Бейсенбі, 31 Қазан 2024
4594 0 пікір 15 Наурыз, 2021 сағат 12:28

Алматыда сақ қорғандары бұзылып жатыр

Алматыда Наурызбай ауданы әкімдігі маңында сақ қорғандары бұзылып жатыр. Бұл туралы Facebook-тегі «Защитим Алматы»  тобы мәлімдеді. 

Оны құм өндіру үшін жеке тұлға жасағаны белгілі болған.

- Қала аумағында археологиялық ескерткіштерді бұзып жатыр. Наурызбай әкімдігінен 300 метр жерде сақ қорымы жойылу алдында тұр. Сақ дәуіріндегі "Ақжар" қорымы. Қорымның барлық қорғаны топырақтан тұрғызылған, тек үйінді жиегіне тастар қойылған. Екі қорған үйіндісінің бетінде ХХ ғасыр басындағы мұсылман зираты орналасқан. Қорғанның бір бөлігі жер қазу барысында бұзылған, - деп жазады Ольга Гумирова Facebook желісінде.

Айта кетейік, Сақ дәуіріндегі Ақжар қорғаны. Ол Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімдігінің ғимаратынан 530 м оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан.

Abai.kz

0 пікір