Мәжілісте жер туралы Заң жобасы талқыланды

Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын талқылады.
- «Заң жобасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілді. Заң жобасын қабылдаудың мақсаты – шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жекеменшік құқығымен және уақытша жер пайдалану құқығымен ие болуына тыйым салуды енгізу», - деді Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаев.
Сонымен қатар, депутат Аграрлық мәселелер комитеті аталған заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын екенін атап өтті.
Abai.kz