Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
13414 8 пікір 17 Наурыз, 2021 сағат 13:29

Өзбекстан алфавитін өзгертеді

Өзбекстанда өзбек алфавитін өзгерту бойынша жаңа жоба ұсынылды. Жобада жаңа әріптер мен дыбыстық қосындылар пайда болған.

Жобаны Өзбекстанның ғылым академиясы жасап шықты. Жоба бойынша 28 әріп, 1 апостраф және ng дыбыс үндестігі бар. Басты өзгеріс ретінде алфавитте «ş» және «ç» әріптерінің пайда болуын айтсақ болады. Бұлар қазір қолданылып жүрген «ш» мен «ч» әріптерін ауыстырады. Сонымен қатар «ŏ» мен «ğ» әріптері пайда болады, олар өз кезегінде  «oʻ» мен «gʻ»апострофтарын алмастырады. Жобаны талқылау 31-мамырға дейін жалғаспақ.

Қазіргі қолданылып жүрген өзбек алфавиті 1993 жылы қабылданған. Онда  26 әріп бар. Алайда алфавит көпшіліктің көңілінен шықпай, тіл мамандарының сынына ұшырап келеді.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 391
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1337
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 362
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 329