Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2024
Әне, көрдің бе? 5015 4 пікір 17 Наурыз, 2021 сағат 15:37

№12 аурухана 24 миллионға көлік жалдамақ...

Алматыдағы №12 қалалық емхана 24 500 000 теңгеге жеңіл автокөлік жалға алмақ. Бұл туралы наурыздың 16-ы күні мемлекеттік сатып алулар порталына «Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “№ 12 қалалық емхана” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының 24500000 теңгеге автокөлік жалға алуға» арналған тендердің жариялануынан анықталды.

Тендер 16.03.2021-26.03.2021 уақыт аралығында ойнатылмақ. Көлікке қойылатын талаптар келесідей: Көлік 2017 жылдан ескі болмауы керек, 4 есікті, жақсартылған конфигурацияда, қозғалтқыш көлемі 2000 текше/см-ден аспайтын, ABS, SRS, Gur, air conditioning қауіпсіздік жүйелері бар болу қажет.

24 млн-ға көлікті жалға алмай, сатып алуға да болады. Мысалы елімізде сатылатын көліктердің бағасын қарап көрелік. Су жаңа соңғы үлгідегі Hyundai Santa-Fe көлігінің бағасы 17 млн теңге тұрады.

Ал қазақстандықтардың сүйікті көлігіне арналған Тoyota camry-70 көлігінің люкс түрі 19 млн тұрады. Комфорт жүйедегі camry-70 болса 13.5 млн теңгеге сатып аласыз.

Су жаңа көлік сатып алуға болатын қаржыға №12 аурухана басшылығы қандай көлікті жалға алатыны әзірге белгісіз.

Abai.kz

4 пікір