Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
4682 8 пікір 18 Наурыз, 2021 сағат 13:32

Ресейге жаңа санкциялар салынды

АҚШ-тың Сауда министрлігі оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың және Сергей Скрипаль мен қызы Юлияның улануына байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді. Бұл туралы мекеменің ресми сайтында жарияланды,- деп жазады Centralasian.

"Өлкенің ішінде де, сыртынды да улы заттарды қолдану арқылы Ресей үкіметі Химиялық қаруға тыйым салу туралы конвенция міндеттерін бұзды. Сонымен бірге ресейліктердің және шетелдіктердің өміріне қастандық жасады", - деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.

Санкциялар 18 наурызда күшіне енеді. Шектеулер ұлттық қауіпсіздікке қатысты тауарларды, жабдықтарды, технологияларды және бағдарламалық қамсыздандыруды Ресейге экспорттау және реэкспорт жасауға қатысты.

Наурыз айының басында АҚШ Навальный ісіне байланысты Ресейдегі, Германиядағы және Швейцариядағы 14 ұйымға қарсы санкция салған. Ол тізімге Ресейдің қорғаныс министрлігіне қарасты 27 ғылыми орталық, "Химмед", "Фемтеко", "Интерлаб", "Лабинвест", "Аналит продактс", "Интертех инструментс", "Рау фарм", "Регионснаб" және "Фармконтракт" компаниялары кірген. Вашингтон бұл ұйымдардың жаппай жоқ қылуға және химиялық қаруларды әзірлеуге қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Оған дейін АҚШ-тың қаржы министрлігі Навальный ісіне байланысты Ресейдегі жоғары лауазымды шенеуніктеріне қарсы санкция енгізген.

Abai.kz
8 пікір