Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
7627 12 пікір 24 Наурыз, 2021 сағат 13:10

Түркия Ресейге наразылық білдірді

Түркияның сыртқы істер министрлігі 23-наурызда Ресей елшісін шақыртып, Сириядағы жағдайға байланысты наразылық білдірді. Түркиялық тарап Алексей Ерховқа Идлибтегі жағдайға байланысты түсініктеме беруді талап еткен.  

"Сириядағы жағдайды талқыладық. Біз ресейлік тарапқа алаңдаушылық танытқанымызды білдірдік. Біздің әскерилеріміз де алаңдаушылық білдіріп отыр", - деді Түркия тарапы.

Ресей ұшақтары Сирияның Идлиб аймағында содырларға соққы жасап, салдарынан аурухана мен бейбіт тұрғындар тұратын нысандар да бомбаланған. Түркия шекарасы маңына жақын аймақта қақтығыс күшейді. Анкара оқиғаның ушығып кетуінен сақтанып, алаңдаушылық танытуда.

Abai.kz

 

12 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 338
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 923
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 303
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 294