Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2109 0 пікір 6 Сәуір, 2012 сағат 14:17

9-сот отырысында Жаңаөзен оқиғасында зардап шеккен құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен кәсіпкерлер тыңдалды

Ақтауда бүгін 2011 жылдың 16-17 желтоқсан күндері Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздікке байланысты қылмыстық іс бойынша бүгін тоғызыншы сот отырысы өтті.

Сот процесі белгіленген уақытта басталды. Сот отырысына жәбірленушілер, сот процесін бақылағысы келген азаматтар мен бақылаушылар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары қатысты.

Сот процесінде жәбірленушілер, соның ішінде 2011 жылғы 16-17 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында орын алған тәртіпсіздік барысында зардап шеккен құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен басқа  кәсіпкерлер тыңдалды.

Бүгінгі сот талқылауы оған қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қалыпты жағдайда өтті.

Оның барысында 11 жәбірленушіден жауап алынды. Жалпы алғанда күні бүгінге дейін 135 жәбірленуші сұралған болатын.

Адвокаттардың өтініші бойынша сот оларға дайындық үшін уақыт берді. Осыған байланысты 6 сәуірде түстен кейін сот отырысы өткізілген жоқ.

Келесі сот отырысы 9 сәуірге, сағат 10.00-ге тағайындалды.

ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5402