СҚО-да шенеуніктер ноутбук ұрлаған ба?
«Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға бөлінген ноутбуктерді ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстары басталды», - деді брифинг барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Данияр Бигайдаров.
«Жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан бір аудандағы әкімдіктің білім бөлімі қызметкерлері тарапынан жасалуы мүмкін деген қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстарын бастады. Олар Білім басқармасы тарапынан әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға деп сатып алған ноутбуктерді ұрлады деген күдікке ілінді», - деді Бигайдаров.
Мемлекетке келген шығын көлемі 12 млн теңгені құрайды.
Тергеуші аталмыш іс бойынша басқа ақпараттарды бере алмайтынын айтты. Толық ақпарат тергеу жұмыстары аяқталған соң жарияланбақ.
Abai.kz