Жұма, 22 Қараша 2024
6868 20 пікір 26 Наурыз, 2021 сағат 15:14

Депутат Назарбаевтың атын ауданға беруді ұсынды

Шығыс Қазақстан облысында мәслихат депутаты Қайрат Дәкеров дейтін адам «Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аудан атын беру керек» деп ұсыныс жасапты.

ШҚО мәслихатының ұсынысы әлеуметтік желіде қызу талқы болуда. Сонымен, депутат Дәкеров тұтас аудан атын өзгерту керек деген пікірде.

«Н.Ә. Назарбаевтың еңбегін келешек ұрпаққа мәңгілік ету мақсатында 1997 жылға дейін шекарада жатқан бұрынғы Тарбағатай ауданының орталығы болған Ақжар ауылына аудан орталығы статусын қайтарып, қазіргі Тарбағатай ауданынан Ақжар аймағын бөліп, бұрынғыша екі аудан ретінде қалпына келтіріп, Елбасымыздың атына берсе деген ұсыныс. Тарбағатай ауданының халқы Елбасымыздың еңбегі зор екенін бағалайды», - депті Дәкеров.

«Алайда мұндай ұсынысты көпшілік жеке басқа табынушылық деп атады. Кей сарапшылар «ұсыныс арқылы ауданды бөлу мәселесіне назар аударту» ретінде бағалап отыр», - деп жазады Азаттық сайты.

Естеріңізде болса осыдан бір апта бұрын, 17 наурызда спортшы, «Әлем барысы» атанған палуан Айбек Нұғымаров Семей қаласында Назарбаев даңғылы пайда болып, «Абай аренаны» спорт кешенін «Елбасы арена» деп өзгерту керектігі жайлы ұсыныс жасаған еді.

Өз кезегінде палуан-депутаттың да ұсынысы қоғамды қызу талқы болып, жұрттың наразылығын тудырған. Кейін, экс-президент, Қауыпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай «Твиттерде» жазба жариялап, «Елбасы мұндай ұсыныстарға қарсы» екендігін жеткізген.

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303