Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 3033 0 пікір 9 Сәуір, 2012 сағат 15:03

«Қасымның әндері-ай» атты ән кешіне шақырамыз!

Қан майданның қақ ортасында жүріп, қаруы мен қаламын қатар ұстаған қазақтың ержүрек ақындарының бірегейі - Қасым Аманжолов еді. Қасымның от пен оқтың арасында туған жалынды жырлары заман өзгеріп, буын ауысса да, тыңдарманын әсерсіз қалдыра алмайды. Қаншама жыр, дастан, аудармалар қалдырған ақын қысқа ғұмырында қазақтың ән айдынына да тамшыдай болсын өз үлесін қосып кетті.

Қасым Аманжолов  шығармаларын ұлықтап, бұқара халыққа насихаттау мақсатында, үстіміздегі жылы мамырдың 17 жұлдызында Алматы қаласындағы Ө.Жолдасбеков атындағы  Студенттер сарайында  ақынның  өз әндері мен өлеңдеріне жазылған музыкалық шығармалардың концерті өтеді.

«Қасымның әндері-ай» атты бұл ән кеші республикамызда  тұңғыш рет  ұйымдастырылып отыр. Бастамашы топтың төрайымы - белгілі әнші Гүлбаршын Тергеубекова.

Атаулы кешке Ескендір Хасанғалиев, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Гүлбаршын Тергеубекова, Қарақат Әбілдина,  Алтынай Жорабаева,  „Каспий„ тобы,  „Тарлан„ тобы, Меруерт Түсіпбаева, Сейфуллин  Жолбарыс, Жанар Айжанова, Рымкеш Жұмаділова, Саят Әбдіғали, Алма Аманжолова, Рымкеш Жұмәділова, Алма Аманжолова  сынды қазақ эстрадасының тарландары мен дәстүрлі әншілерден Ерлан Төлеутай, Талғат Әбуғазы, Ерлан Құжыманов, Сейіл Аяған, Абай Әбішев қатысады.  Ақындар қауымынан Ұлық Есдәулет, Қасымхан Бегіманов, Маралтай Райымбекұлы  ақынның рухына бағышталған жалынды жырларын  оқиды.

Билеттер «Студенттер сарайының» кассасында сатылады.

тел. 8 (727) 2-74-20-62

0 пікір