Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2773 0 пікір 10 Сәуір, 2012 сағат 09:33

Қазақтың байлығы – Мәшкевичтің шайлығы

Мәшкевич жайлы көп айтылды. Жазылды. Айтыла да, жазыла да берер. Оған Мәшкевичтің қылы да қисаймас. Қырғызстанда биодәретхана жасап жүрген алыпсатар жігіттің Қазақстанның жер қойнауы байлығының көп бөлігіне иелік етіп, әлемдегі ең ірі байларының қатарынан бір-ақ шығады деп кім ойлаған. Біздің өкінішіміз бен өзімізге көк тиыны бұйырмаған есіл байлығымыздың сорына қарай солай болды.

Мәшкевичтің байлық пен орасан зор ықпалға қалай жеткені туралы алып-қашпа әңгіме көп.

Жоғарыдағы суретте айналасына көзінің қырын да салмай паңданып, масаттанып келе жатқан Мәшкевичтің атақты тоқсаншы жылдардағы жаппай жекешелендіру кезіндегі суреті.

Біз суретін беріп отырған voxpopuli.kz сайты: «1995-ші жылы қыркүйекте Қазақстандағы жалғыз алюминий зауыты көрші елдердің тумасы болып табылатын бизнесмендер - Патох Шодиев, Алиджан Ибрагимов (Өзбекстан) және Александр Машкевичтің (Қырғызстан) меншігіне өтеді, олар бұған дейін феррохром саласы жекешелендірілген кезде үлеске ие болған еді. Еуразиялық банкте осы топқа тиесілі», деп жазады.

0 пікір