Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2422 0 пікір 12 Сәуір, 2012 сағат 07:17

«Бізді біріктірген Кенигсберг»

2012 жылдың 10 сәуірі күні сағат 11.00-де Шығыс Қазақстан өнер мұражайында Кенигсберг қамалының шабуылына қатысушы, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің «Бізді біріктірген Кенигсберг» атты дәстүрлі 11-ші кездесуі өткізілді.

2000 жылы отставкадағы Гвардия полковнигі Петр Михайлович Антоновтың басқаруымен  Ұлы Отан соғысының ардагерлері өнер мұражайына келіп, жыл сайын 10-сәуірде Кенигсберг қала - қамалды алған күні кездесу өткізуге ұсыныс жасады.

1941 жылы Шығыс Пруссия біздің ел үшін фашистік Германияның опасыздықпен шабуыл жасауға арналған негізгі майдан шебінің бірі болды. Соғыс кезінде Кенингсберг ірі күш және де неміс әскерінің базасын толықтыратын жер болды.

Немістер Шығыс Пруссия аймағында жақсы дамыған, ұзақмерзімді инженерлік құрылысқа 1932 жылы кірісті және бұл құрылысты біздің елге шабуыл жасағанға дейін жалғастырды. Нәтижесінде гитлершілер Шығыс Пруссия аймағында және оған қарасты Польшаның солтүстік бөлігінде бірнеше бекітілген аудандар, сонымен қоса ірі қорғаныс торабын құрды. Барлық осы құрылыстар шайқас кезінде бір-бірімен тығыз байланыста болды. Әсіресе, Гумбиннен-Инстербург- Кенигсберг бағытындағы негізгі инженерлік қорғаныс қатты дамыған еді.

1945 жылдың қаңтар айының ортасында Шығыс-Пруссия шабуылдау операциясы басталды. Бұл шайқасқа 3-ші Белорус майданының әскері (қолбасшы - армия генералы Черняховский) және 2-ші Белорус майданының әскері (қолбасшы - Кеңес Одағының маршалы К.К.Рокоссовский) қатысты. Кеңестік Жоғарғы Бас қолбасшының ойы бойынша, бұл операцияның мақсаты - негізгі жау күштерінен «Орталық» әскер тобын аластату. Операцияның сәтті өтуі - кеңес әскерінің шабуыл барысы үшін ғана емес, жалпы Ұлы Отан соғысы үшін де стратегиялық маңызы зор болды.

Екі майданның шабуылдайтын операциясы 1945 жылдың 6 сәуірінен 9 сәуіріне дейін созылды. Операция барысында жаудың 42 мың жауынгері мен офицері жойылды. 92 мыңға жуық  адам тұтқындалды, 2023 қару-жарақ, 1652 миномет және 128 ұшақты қолға түсірді.

Кенигсберг Жеңісіне арнап КСРО Жоғарғы Кеңесінің президиумы «Кенигсбергті алғаны үшін» медалын тағайындады. Мәскеу бұл күні ержүрек жауынгерлерге 324 қарудан жиырма төрт артиллериялық дүркін-дүркін салют жасады.

Өскемендік 68 жауынгер Кенигсберг қамалын алу операциясына қатысты. Бүгінгі күні, өкінішке орай, солардың ішінде, тоғызы ғана тірі.

Өнер мұражайының қызметкерлері жыл сайын мұражай қабырғасында ардагерлерді көруге қуанышты және де бұл кездесуіміз өткен күндер мен болашақтың арасын байланыстыратына сеніміміз мол.

Кездесу барысында ардагерлер Даңқ мемориалына барып, Мәңгілік отқа гүл шоқтарын қойды. Одан кейін өнер мұражайында салтанатты бөлімі мен мерекелік концерт өткізілді. Барлық ардагерлерге естелік сыйлықтары тапсырылды.

http://www.culturevko.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=526%3Al--r&catid=1&Itemid=86&lang=kz

0 пікір