Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 3354 0 пікір 13 Сәуір, 2012 сағат 08:31

Осы жұрт Жұмаханды біле ме екен?

Қалың қазақтың мейірлі жүрегіне жол тапқан аяулы ақын Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының желісі бойынша 1993-нші жылы түсірілген режиссер Сламбек Тәуекеловтің «Батыр Баян» фильмінде басты рөл - Баян батыр бейнесін сомадаған актер Жұмахан Әбдіқадыровты білмейтін жан кемде кем шығар. Алайда, байтақ ел талантты актердің қазіргі жай-күйінен хабарсыз болса керек. Қазақ кино өнерінде жұлдызы жарқырап келе жатқан кезде көлденең жол апаты салдарынан мүгедекке айналып, аяғын басуы күн өткен сайын қиындап бара жатқаны баспасөз беттерінде жария көрді.

Тағдырдың тауқыметіне мойымай, батыр болмысын сақтап, өр рухын сындырмай қиындықпен қасқая күресіп келе жатқан Жұмахан Әбдіқадыров жалғыз емес, ауданы жұрты, аяулы Алашы, жүрегі мейрім мен ізгілікке толы қара орман қазағы бар екен сезінуі тиіс.

Батыр Баянның бейнесі арқылы бабалар рухын тірілтіп әкелгендей болған актер Жұмахан Әбдіқадыровтың науқасы жазылмайтын дерт емес. Емі бар. Неміс дәрігерлері емдеп жаза алатындарын айтыпты. Алайда, Германияға барып ем алудың құны үлкен ақша екен.

Актердің отбасы, туған-туыстары БАҚ арқылы жұрттан сырт елден ем алуға қол ұшын созуды өтінген екен. Бірақ, актердің халі сол баяғы қалпы. Қаражаттың қарасы молаймапты. Қажет сома құралмапты.

Бір қазақ - мың қазақтың жалғызы. Екінің бірі, егіздің сыңары емес, таудай талантты актердің ауруынан құлан таза айығып, аяғына тұрып кетуіне көмектесе алмасақ, елдігіміз бен жұрттығымызға сын!

Мейірлен, Алаш баласы!

Төменде «Алматы» арнасының «Тағдыр мен тұлға» хабарының Жұмахан Әбдіқадыровқа арналған санын арна басшылығының рұқсатымен жариялап отырмыз.

«Абай-ақпарат»

Жұмахан Әбдіқадыровтың реквизиттері:

Абдыкадыров Жумахан 01.12.53

Текущий лицевой счет: № kz 846 011 793 00 00 103 11

РНН: 211 512 277 397. Транзитный счет банка: № kz186 01 01 610 000 433 19

РНН банка: 211 50 00 728 49

Байланыс телефондары: Жұмахан - 8 7262455643

Гүлшат (актердің әйелі) 8 7011608506

;hl=ru_RU&rel=0" />

Әнші Бекболат Тілеуханның орындауында Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" жырынан үзінді Батыр Баян by Omirzhan Abdihalyh

0 пікір